Голландия Алматыда инновациялық жылыжай салады

603
жылыжай
Фото: babki.kz

Алматы. 8 тамыз. 7kun.kz  — Алматыдағы Инвесторларға қызмет көрсету орталығы голландиялық «Staay Food Group» компаниясымен қала аумағында инновациялық жылыжай кешенін ашу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еуропалық жақ Алматыда жеміс-жидек пен көкөнөстің барлық түрін өсіру туралы ниеттерін жеткізген. Олардың сөзінше, жобаның инновациялығы — жылыжай кешені жер аумағын қажет етпеуінде. Жеміс-жидек пен көкөністер арнайы сөрелерде өсіріледі.

Staay Food Group BV еншілес компанияларымен бірге жеміс-жидек пен көкөніс өсіріп, нарыққа шығарады. Компания 1946 жылы негізі қаланған. Нидерланды, Испания, Израиль, Египет, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Америка және Румынияда нүктелері бар.