Google HTC-дің смартфондар өндірісін сатып алады

Google
Фото: ohoho.info

Алматы. 21 қыркүйек. 7kun.kz — Америкалық Google корпорациясы Тайваньдық HTC компаниясының бір бөлігін 1,1 млрд долларға сатып алуы мүмкін. Бұл туралы HTC компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Келісімшарт 2018 жылдың басында аяқталады.

«HTC акциясын компанияның жылдық табысы азайғандықтан сатылымға шығарды. 2016 жылы 12,6 млн смартфон сатылған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 24 пайызға төмен. 2016 жылғы сатылымнан түскен жалпы табыс 2,1 млрд долларды құрады. Ол 2015 жылдан қарағанда 45 пайызға аз. Көрсеткіш төмендеген соңкомпания басшылары сарапшылар шақырып, дабыл қаға бастады. Олар не өндіріс бірліктерін немесе толық корпорацияны сату керек деген шешімге келеді», — делінген жергілікті басылымдарда.

Олардың мәліметінше, қазіргі уақытта HTC мен Google арасында келіссөздер жүріп жатыр. Google Тайваньдық компанияның смартфондар өндірісінде стратегиялық инвестор болуы мүмкін.