Грекия мен еуроаймақ арасындағы қақтығыс — әлемдік экономика үшін үлкен қауіп

524
рекия мен еуроаймақ арасындағы қақтығыс - әлемдік экономика

«Грекия мен еуроаймақ арасындағы қақтығыс әлемдік экономика үшін үлкен қауіп болмақ, сондай-ақ  британ экономикасы үшін де кедергіге айналды», — деп мәлімдеді Ұлыбританияның қаржы министрі  Джордж Осборн  Грециядағы жаңа сайланған әріптесі Янис Варуфаксимен кездесуінде.    

«Еуропа үшін, Ұлыбритания үшін  қазір келісімге келу кезеңі. Мен грекиялық қаржы министріне үлкен жауапкершілікпен әрекет етуді тапсырдым. Дегенмен, еуроаймақтың да жұмыссыздықты азайтып, экономикалық дамуды ұлғайту үшін нақты жоспар ұсынуы қажет», —  деп жазады The Wall Street Journal  Дж. Осборнның сөзіне сілтеме жасап. 

Өткен аптада Янис Варуфакис Грекияның қаржылай көмек пакетінің аясында  жаңа несиелер алуға мүдделі емес екендігін   және несие берушілермен келіссөздер жүргізуді тоқтататындығын хабарлаған еді. Министрдің бұл мәлімдемесіне  еуропалық шенеуніктер жаңа грециялық үкімет елдегі қаржылық жағдайдың күрделілігін соңына дейін түсінбей, қаржылық хаос орнатуы мүмкін деген қауіп білдірді. Грекия осы жылы несие берушілерге 20 млрд еуро төлеуі қажет.