Halyk bank неге комиссия алады?

Halyk bank

Алматы. 31 қазан. 7kun.kz — Соңғы кезде әлеуметтік желіде Halyk bank төлем картасы арқылы қолма-қол ақша алғанда алатын комиссияға наразылық білдіргендер көп екенін байқауға болады. Алайда бұл Халық банкіне комиссиядан бас тартуға себеп емес, әрі халықты қолма-қол емес төлемге ынталандырады. Бұл туралы Қазақпарат тілшісіне Halyk bank-тің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова айтқан.

Cондай-ақ, Үміт Шаяхметова комиссияның көлемі банк клиенттерін қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету шығындарына байланысты дейді.

«Қолма-қол ақша – қымбат. Біз инкассация жасаймыз, банкоматтарды толтырамыз, тасымалдаймыз, Ұлттық банктен қолма-қол ақшаны сатып аламыз. Осыған байланысты операциялық шығындар бар, мұның аясында банк комиссия қояды», — деді ол.

Оның айтуынша қазақстандықтардың комиссия төлегісі келмеуі қолма-қол емес төлемге жылдам көшуге көмектеседі.

«Бізге төлемді қолма-қолға қарағанда қолма-қол емес түрде өткізу арзанға түседі. Біздің Halyk-инкассация атты үлкен компаниямыз бар және айта кетерлігі инкассаторлық қызмет құны да жоғары. Өкінішке қарай кәсіпкерлер инкассаторлық қызметке қарағанда айтарлықтай арзан pos-терминалдың орнына инкассаторлық қызметтерді қолдануды жалғастыруда. Шағын кәсіпкерлер инкассацияны қолданбайды. Күнделікті табысын жинап, банктегі шотына салады. Неге олай? Бұл сұрақты банктерге қарағанда кәсіпкерлерге қою керек. Біз керісінше клиенттерді қолма-қол емес төлем жасауға ынталандырғымыз келеді. Сондықтан, қолма-қол ақша алу үшін комиссия сақталуда», -деді Үміт Шаяхметова.

Банктің ақпаратынша банктік карта арқылы қолма-қол ақша алу кезіндегі комиссия кейбір жағдайларда ғана алынады. «Егер карталық шот «Жалақы жобасы» бойынша ашылса және картаға жалақы түссе, мұндай жағдайда қолма-қол ақша алу кезінде біздің банкоматтар мен Qazkom-да комиссия алынбайды. Егер карта жеке қолдану үшін «Стандарт» өнімі бойынша ашылса және жалақы картасына жалақыдан басқа аударымдар түссіе мұндай жағдайда сома көлеміне қарай 1% комиссия қарастырылған», — дейді Halyk bank-те ақпарат агенттігіне берген жауабында.