Халық банкі 2018 жылғы таза табысы бойынша болжамды 214 млрд теңгеге ұлғайтты

13
таза
Фото: 24.kz

Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – Қазақстандық коммерциялық Халық банк 2018 жылы таза кіріс бойынша болжамдарын 207 млрд теңгеден 214 млрд теңгеге дейін өсірді, деп мәлімдеді банктің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Ағымдағы көрсеткіш — 360,71$/1.

«Біз несиелік портфель бойынша өсім деңгейін бұрын хабарланған 2,1%-дан 3,9%-ға дейін көтердік. Біз сондай-ақ жыл басында белгіленген таза кіріс бойынша болжамды да 207 млрд теңгеден 214 млрд теңгеден астам сомаға дейін арттырдық», — деді Ү.Шаяхметова сәрсенбі күні өткен баспасөз-конференциясында.

Оның айтуынша,  провизия шығындары 0,8% деңгейінде қалады. «Сost income» бойынша бұл көрсеткіш 32-33% деңгейінде сақталады деп ойлаймыз. Біздің пікірімізше, таза маржа арта түседі және болжамды 4,6%-дан 4,9%-ға дейін арттыра аламыз, оған қоса капиталдың қайтарымдылығын да 22%-дан 23-24%-ға дейін көтереміз.

Халық банк 2017 жылы ХҚЕС бойынша 173,362 млрд теңге көлемінде шоғырландырылған таза кіріске қол жеткізді.

Халық банк 2018 жылдың І жарты жылдығында активтер көлемі бойынша Қазақстандағы 32 банктің ішінде 1-орынды иеленді.

Халық банкті «Алмэкс» Холдингтік тобы» АҚ (банк акцияларының 63,73%-на ие) арқылы Қазақстан президентінің қызы мен күйеу баласы Динара және Тимур Кұлыбаевтар басқарып отыр.