Халық банкінің басқарма құрамы өзгерді

916
Fitch
Фото: inbusiness.kz

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz – «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ (Алматы) басшылығында өзгерістер болды, деп хабарлайды «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE).

Басқарма құрамынан басқарма төрағасының орынбасарлары Нұрлан Жағыпаров пен Аслан Талпақов шығарылды.

Ал Асқар Сағидоллаұлы Смағұлов Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.

Осылайша, «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ басқармасының құрамы 9 адамнан тұрады: Шаяхметова Ү.Б., Боданов А.Ж., Қаблашев М.Н., Карпыкова А.С., Көшенов М.У., Салимов Е.И., Сартаев Д.Ж., Сатыбалдина Ж.С., Смағұлов А.С.