Халықты жұмыспен қамтуға бюджеттен 75 млрд теңге бөлінеді

50
170
Фото: Today.kz

Алматы. 10 қазан. 7kun.kz — Қазақстан 2019-2021 жылдары жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға республикалық бюджеттен 75,5 млрд теңге бағыттауды жоспарлап отыр.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2019 жылы 48,6 миллиард теңге, 2020 жылы 13,1 миллиард теңге, қалған қаражат 2021 жылы бөлінеді.

Сонымен қатар, биыл қоныс аударушылар үшін 428 тұрғын үй сатып алу жоспарланған. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударатын қазақстандықтар үшін тұрғын үй сатып алуға 3 млрд теңге бағытталады.

Бағдарлама жүзеге асқан жағдайда,2021 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан, ал жұмыс күшінің құрамында негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20%-дан аспайды деп күтіеді.

Еске сала кетейік, биылғы жылы қазақстандықтардың солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуына 2 млрд теңге жұмсалды.