Хобби: балықшыға қандай құралдар керек?

Ер адамдардың көпшілігі табиғат аясындағы демалысты балық аулаумен байланыстырғанды жақсы көреді.  Кәсіби балық аулаушы әуесқой балық аулаушыдан тәжірибесімен және жүк салғыштағы заттарымен ерекшеленеді. Аңшылық қасиетіңіз оянып жатса, біле жүріңіз машинаңызда мыналар болуы керек:

1.      – Қайық пен ескек

2.      – Мотор

3.      – 3-4 қармақ-спининг

4.      – Балық аулау жабдықтары

5.      – Ілгектер

6.      – Жүк салғыш

7.      – Жем салғыштар

8.      – Балық ұстауға арналған дүкен азығы

9.      –Жауын құрттары мен ұсақ шабақтар

10.  – Шатыр (3-4 орынға арналған)

11.  – Құрастырмалы үстел

12.  – Жиналмалы орындықтар (3-4)

13.  – Газ плитасы баллонмен

14.  – Қазан

15.  – Шәйнек

16.  – Ыдыс

17.  – Сүйреп шығаруға арналған сым арқан

18.  – Арнайы киім (камуфляжды костюм)

19.  – Терең батпаққа арналған етік немесе резіңке комбинезон

20.  – Қолшам (тұрақты және қалта фонарі)

21.  – Москитті торы бар қалпақ

22.   – Масалар мен кенелерге қарсы жақпа май

23.  – Ауыз су құйылған бөшке

24.  – Мұздатқыш

25.  – Балыққа арналған ыдыс

26.  – Тұз (кем дегенде 3 қорап)

27.  – Шарбақ  (ұсталған балықты суға салып қою үшін)

28.  – Подсак (қармақпен ұстаған балықты суден сүзіп алу үшін)

29.  – Ұйықтауға арналған қапшықтар

30.  – Шатыр немесе жиналмалы брезент жаппа

Балық аулау – арзан әуестік емес. Егер сізде керек заттың барлығы бар болса, орташа есеппен 4 адамға арналған саяхат (бензинді қосқанда) 20-30 мың теңгеге шығады. Толық кәсіби жиынтықты жинау үшін сізге бірнеше жыл және бірнеше мың доллар кетуі мүмкін.