Хоум Кредит энд Финанс Банктің таза табысы азайды

454
Хоум

Хоум Кредит энд Финанс Банктің таза табысы 2015 жылдың 1-тоқсанында өткен жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 27,4 пайызға, яғни 1,908 млрд. теңгеден 1,385 млрд. теңгеге азайған. Бұл ақпарат банктің қаржылай есебінде көрсетілген.

Салық салғанға дейін қаржылық мекеменің табыс көлемі 28,5 пайызға төмендеп, бұрын 2,435 млрд. теңге болса, қазір 1,74 млрд. теңгеге азайған. Аталған көрсеткіштер 2014-2015 жылдардың қаңтар-наурыз айлары бойынша есептелген.

Таза пайыздық табыс 2014 жылдың алғашқы үш айында 6,374 млрд. теңге болса, 2015 жылдың алғашқы үш айында 6,3 млрд. теңге болды.

2015 жылдың 1-тоқсанында банктің операциялық табысы 9,3 млрд. теңгені құрады. Аталған уақыт аралығында 2014 жылы табыс көлемі 10,4 млрд. теңге болған еді. Яғни, операциялық табыс 10,7 пайызға азайған.

2015 жылдың 31 наурызында банк активтері 115,76 млрд. теңгені құраса, 2014 жылдың 31 желтоқсанында бұл көрсеткіш 111,65 млрд. теңгені құрайтын еді.

2015 жылдың алғашқы үй айында жеке капиталы 29,4 млрд. теңгеден 27,8 млрд. теңгеге төмендеген.

Банктің жалғыз акционері — Хоум Кредит энд Финанс Банк (Ресей).