Huawei P20 және P20 Pro қысқаша шолу 

296
Huawei
Фото: i.ytimg.com

«Қытайлық смартфондар iPhone және Samsung-ты жақында қуып жетеді» деген болжамды қайталаудың мәні жоқ. Себебі өткен жылы «Huawei» камера сапасы мен жылдамдығы жағынан Samsung-тың ең үздік үлгілерімен бәсекеге түсіп, самсунгты жеңсе, iPhone-ның үздік үлгілерімен осы көрсеткіштерде теңбе-тең болды. Ал биыл қалай болады? 2018 жылы қытайлықтар ұялы телефондарды Sumsung пен iPhone-нан артық етіп жасай алды ма?

Фото: store.storeimages.cdn-apple.com

Осыдан бір жыл бұрын смартфондардың сатып алушылары мен өндірушілері iPhone X моделінің экранындағы «сызық» кескінін саусақтарымен көрсетіп «масқара» деген еді. Бірақ 2018 жылдың басында Google жаңа Android-ке кескіндері бар экрандармен жұмыс істеуге бейімделуді үйретті. Бұдан кейін барлық қытайлық және тайваньдық өндірушілер америкалық смартфонның дизайнын «қайтадан ой елегінен өткізіп» өздерінің флагмандарына орналастыруға ұмтылды.  

Алдымен ASUS батыстықтардан көшіре бастаса, енді iPhone-ның алдыңғы жағындағы стилін Huawei қайталады. Дегенмен, Huawei-дің бұл әрекеті бекер болды. Олар тек iPhone-ның сыртқы көрінісіне қарап, соны көшіргенмен, кейбір жерлері дұрыс келмей қалды. Мысалы iPhone X мантиясы Huawei P20 құрылғысындағы өлшеміне сай келмеді, сондықтан да көзге біртүрлі көрінеді.  

iPhone-да жоғары ойықты-дисплейді беткі панельдің төменгі жиектеріне дейін созып, бос жер қалдырмау үшін жасаған. Huawei да жоғарғы ойықты жасады, бірақ төменгі жақта бос орын қалдырып, сол жерге саусақ ізі сканерін енгізді. Бір жағынан, сканер болғаны жақсы, себебі смартфондардағы келбетіне қарап тану функциясы әлі дұрыс жұмыс істемейді, сондықтан оны қолдану тиімді емес. Бұл тұрғыдан қарастырсақ, сканер болғаны жақсы. Ал екінші жағынан “шектеусіздік құрбандықты қажет етеді” дегенмен келісуге болады, бірақ Р20 мен Р20 про-да құрбандық та бар, шектеу де бар. 

Фото: cdn2.gsmarena.com

Дегенмен, Huawei жаңа үлгісі өткен жылғы Huawei Mate 10 Pro немесе LG G6 қарағанда «болашақтың смартфоны» дегенге сәйкес келеді. P20 және P20 Pro дизайнымен iPhone X және жаңа Samsung (S8/S9/Note8) смартфондарымен бәсекелесе алады. Осыған қарап қытайлықтар өз миссиясын орындады деп айта аламыз.  

Менің екі жаңалығым бар: жақсы және жаман. Жақсысынан бастасам, Huawei аккумулятордың көлемі мен сыйымдылығының арақатынасы бойынша ең жақсы «шектеусіздер» жасады. Кіші Huawei P20 қалыңдығы 7,65 мм және дисплей 5,8 дюйм бола тұра 3400 мАч сыйдырады. Салыстыратын болсақ, Samsung 5,8 дюйм, қалыңдығы 8,5 мм-де 3000 мАч-ты сыйдырса, ал Sony қалыңдығы 11 мм дисплейі 5,7 дюймге 3180 мАч сыйдырады. Ал үлкен Huawei P20 – ұзақ өмір сүретін флагманды қалайтындардың арманы. Корпус қалыңдығы 7,8 мм дисплейі 6,1 дюймде 4000 мАч-ты қамтиды.  

Фото: d2pa5gi5n2e1an.cloudfront.net

Ал енді жаман жаңалық: мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу үшін Huawei дизайннан көптеген пайдалы заттарды алып тастады. Енді сжад картасының ұясы жоқ – 128 Гб орнатылған жадын пайдалануға тура келеді. Құлаққап ұясы да жоқ – USB-C толық адаптерді немесе одан жақсы AptX кодекстегі сымсыз құлаққаптарды пайдаланасыз. Сондай-ақ P20 және P20 Pro-дегі су өткізбейтін қорғағыш (бұл суды жарты сағатта 1 м тереңдікте өткізбеуі) Samsung Galaxy S9 немесе Sony Xperia XZ2 смартфондарындағыдай мықты жасалмаған. Айта кетейік, су өткізбейтін қорғағыш су асты түсірілімдері үшін емес, телефонды суға құлатып алғанда, оны судан арналған. 

Енді Huawei P20/P20 Pro корпусының қалған бөліктерін «ұнайды/ұнамайды» деген санатта қарастырсақ. Жарқын жылтыр жағы – ұнамайды, себебі алақаныңызда смартфон емес, құдды бір майлы зат ұстап тұрғандай боласыз. Қолыңыздан сырғып түсіп кете жаздайды. Айтпақшы, P20 моделінің қара нұсқалары күңгірт болып келеді. Ұнайды категориясында алдыңғы панельдегі сканер. Бұл Samsung-тен немесе жаңа Sony-дегі артқы панельдегі саусақтардың орта фалангасынан жылжытқан шексіз бұрмалаудан әлдеқайда жақсы. Алдыңғы панельдегі сканер – сканерсіз смартфонға (iPhone X) немесе сканері қайда екенін білмейтін модельдерге қарағанда (Samsung Galaxy S8 және Note8) әлдеқайда жақсы.  

Жаңа түстер – өте ұнайды! Қара Huawei бір қарағанда қызықсыз, іш пыстырарлық болып көрінеді. Бірақ смартфонға жарық түсірсеңіз, жарыққа қарай қара түсі де өзгереді. Ал смартфонның «хамелеон» түсі жарық түссе, бағалы қымбат тастың түсіне өзгеріп, қайта-қайта көргіңіз келе береді. 

Түсін байқап болғасын, смартфонның артқы жағына назар аударсаңыз, бір емес, үш камераны байқайсыз. «Қытайлықтар жаңылысқан», – деп ойлайсаңыз, қателесесіз. Олар жаңылысқан жоқ, бұл үш камераны жоспарлы түрде іске асырған.  

Үш артқы камера – не үшін? 

Фото: ixbt.com

Егер сіз кәсіби фотографтарды көрсеңіз, онда олардың фотоаппаратында кемінде екі объективі болатынын байқаған боларсыз. Әдетте одан да көп болады. Олар мұны «фетишист» болғаны үшін немесе камераны баптау үшін емес, түсірілімнің сан қырлы түрлеріне әр түрлі объектив пайдалану үшін қолданады. Кейбір линзалар (объективтер) суретті елеулі түрде ұлғайта алады (zoom қолданады). Бұл әсіресе, алыс қашықтықтан спорттық іс-шараларды түсіру кезінде қолайлы. Ал басқа объективтер «сыймайтын нәрсені сыйдыруға» және қарапайым кадрға сай келмейтін бір бөлмені суретке түсіру керек болғанда пайдалы. Түнгі түсірілімдер, әдемі портреттер және басқа да міндеттер үшін арналған объективтер бар. 

Бұрын смартфондардың артқы жалғыз қарапайым камерасы болды. Біраз уақыт өткен соң көптеген смартфондарда екінші камера пайда болып, енді смартфондар екі камералы болды. Бұл камералардың біреуі портреттік суретке арналса, екіншісі  зум (ұлғайту) қолданғанда фотоның сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. ASUS ZenFone 3 Zoom сияқты смартфондардың екінші камерасы зум объектіні түсіруге маманданған. Бұл камералар алыс қашықтықтағы затты түсіру үшін максималды жақындатып бере алады. Ал үлкен объектіні мысалға көп жиналған халықты немесе үлкен ғимараттарды түсіру үшін, бізге алыс жерге жылжудың қажетті жоқ. LG G6/V30 т.б. смартфондар камерасында бұл қамтылған.  

Ал енді хуауей камерасына тоқталсақ. Huawei P20 Pro-дегі үш камераның біріншісі кәдімгі смартфондардағы портрет түсірілімге арналған орта пландағы (план – техникалық термин) “қарапайым” камера. Екіншісі – монохромды, күндізгі уақытта да, түнде де суреттерді өте тұнық түсіре алады. Бұдан бөлек негізгі камера анық әрі тұнық түсіріп қана қоймай, динамикалық диапозонын кеңейтеді (түс камерасы түсті айырып болғанша, анық түсіруді қамтамасыз етіп үлгереді). Ал үшінші камера – бұл қарапайым түсті камераға қатысты үш есе ұлғайған зум камерасы. Сізге алыстағы объектіні сапаны жоғалтпастан зум қолданып, жақындату қажет болса, камера сапаны жоғалтпастан бес есе жақындатып бере алады.  

Қорытындысында біз стандартты суреттерді жақсы түсіретін, портретті суреттермен жақсы жұмыс істейтін және суреттің сапасын жоғалтпай кадрға едәуір ұлғайтуға мүмкіндік беретін смартфонға ие боламыз.  

Huawei P20 «кіші» нұсқасында қытайлықтар теле-фото камерасын (мегапиксель санын азайтты) және монохромды сенсорды қалдырып, «алыстан жақындатып» ұлғайту модулін алып тастады. Бұл жаңалықтардың жартысы ғана, өйткені смартфондағы камералар жаңа әрі жетілдірілген.  

Біріншіден, Huawei P20 құрылғысындағы әрбір жеке пиксель үлкен (1.55 микрон). P20 Pro-да пиксельдер тым көп және олардың әрқайсысы кішкентай (1 микрон), бірақ қытайлықтар бұл фотоматрицаның үлкен өлшемімен және оптикалық + бағдарламалық қамтамасыз ету тұрақтандырудың жақсы үйлесімді жұмысымен өтеледі деп сендіреді. Өздеріңіз білетіндей, пиксельдің көлемі неғұрлым көбірек болса, смартфон күн бұлтты болғанда және түнде жақсы түсіреді және күндіз жоғары сапалы суреттерді түсіру оңайырақ. Екіншіден, цифрлық шуылдың мөлшерін барынша азайту («кедергі» немесе «бұршақ» деп аталады) үшін өте қажет оптикасы жақсы (P20/P20 Pro түсті объективтерінде жарық кұші f/1.6 және f/1.8). Үшіншіден, өте ауқымды ISO диапазонында жұмыс істеуге болатын үлкен түс сенсоры. Адам тіліне аударылған кезде, камера «қажеттілік бар болса» түнгі көру режимінде түсіруі мүмкін.  

Соңында, алдыңғы камера да жаңа, қазірдің өзінде 24 мегапиксель. Көптеген мегапиксельдер плюс емес, бірақ Huawei фронтальды матрица қазірдің өзінде үлкен, сондықтан барлық мегапиксельдер пайдалы, камераның бъютификациясы (іздерді жасырып, бет-әлпетті жақсартады) ақылдыққа ие және компьютерлік араласу сияқты емес, керісінше табиғи көрінеді. 

Артқы камераның портреттері үшін алгоритмдер iPhone 8-дегі сияқты студиялық фото әсерімен портреттер жасау үшін жарықтандыруды модельдеуі мүмкін. Huawei смартфондарды (Mate 10 Pro-дан бастап) суретке түсіріп, фотосурет түріне сәйкес өзгертуді үйренді. Түрлі қондырғылары бар 20 түрлі режимде: мысықтар, пейзаждар және тамақ өнімдері үшін. 

Huawei анимодзилерді енгізген жоқ, мүмкін бұл дұрыс та болар. Себебі, сол Samsung Galaxy S9-да цифрландырылған тұлғалар, смартфонды сканерлеген адамға ешқандай ұқсастық жоқ. Бірақ камераның «көңілді» функциялары әлі де бар. Олар шындыққа толы объектілер (сандық жануарлар/құстар, «фотошоп» жасауға арналған және чат бөлмелерінде құлақ немесе мұрт салуға арналған жапсырмалар). 

Әр түрлі дисплейлер мен дыбыстар   

Фото: mobiltelefon.ru

Егер сіз әлі де камераның кейбір бөліктерінде 40 мегапиксельді немесе салыстырмалы арзан P20-да жеке зум-камераны қажет етсеңіз, онда дисплейлер мен динамиктерде Қытай флагманының кіші нұсқасында анық қарапайымдалған.  

P20 Pro үшін Huawei 6.1 дюймды қиғаштықпен жарқыраған және жоғары сапалы OLED дисплейіне шығындалды және дыбыс үшін Dolby-мен калибрленген стерео динамиктер жауапты. Huawei P20 Pro дисплейі Xiaomi Mi Mix 2 ішіндегі IPS немесе Huawei Mate 10 Pro ішіндегі OLED матрицасымен салыстырғанда едәуір жақсы екенін айта аламыз. 

P20 Pro әсерлі естіледі – Samsung Galaxy S9+ моделінен кем емес. Бірақ монодинамикалық музыкалық әлеуеті бар P20 әсерлі емес, ондағы динамиктер тікелей P10-нан қойылған сияқты. Дыбысы өте қатты шығады, дегенмен бұл толықтай стандартты дыбыс қатарына енеді.   

Бір қызығы, Huawei P20 смартфонында IPS дисплейі 100% жарықтандыру кезінде 600 кд/м2 жарықтығын шығаратын Huawei P10-ға қарағанда әлдеқайда төмен екені байқалады. Алайда компания өкілдерінің айтуынша, 770 кд/м2 жарықтандырады, дегенмен бұған сену қиын.  

Өткен жылғы процессор 

Өкінішке орай, Huawei смартфондарында – Huawei Mate 10 Pro және Honor View 10 смартфондарындағы таныс Kirin 970 процессоры орнатылған. Жылдамдығы бойынша, бұл чип 2018 модельдік жыл процессорларына қарағанда өткен жылғы Snapdragon 835-ке жақын (Samsung Galaxy Note8, Nokia 8 және т.б.). Huawei смартфондарына арналған чипте Android-тың жылдамдығын қадағалайтын және ол ақаусыз жұмыс істеу үшін, сондай-ақ, бағдарламаны іске қосып, камера параметрлерін таңдау үшін алдын-ала профилактика жүргізетін бөлек чип-менеджер бар. 

Өткен жылы осы процессормен жұмыс істейтін Mate 10 Pro-ны еске түсірсек, Samsung Galaxy Note8 немесе LG V30-ға қарағанда жылдам болды. Сондықтан, 2018 жылы қытайлық процессор өндіріс жағынан рекорд жаңартпаса да, орта сыныптық деңгейдегі кез келген смартфоннан күштірек көрінеді.  

Қытайдың беделді флагмандары 

Xiaomi Mi Mix 2s фотосуреттері нашар және онда су өтуден қорғағыш жоқ. Оның басты артықшылығы – “кескінсіз” экран және жылдам жұмыс істейтін процессор.