ХВҚ Ресейге экономикалық реформалар жүргізуді ұсынды

490

Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) Ресейге экономикалық реформа жүргізу қажет деген пікірін білдірді. Бұл туралы ХВҚ-ның басқарушы директорының орынбасары Мин Чжу мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

«БРИКС-ке (Бразилия, Үндістан, Үндістан, Қытай және ОАР — «7kun.kz») мүше әр ел үшін біздің өз ұсынысымыз бар. Ресейге келгенде экономикалық секторға қатысты кеңес айтқымыз келеді», — деді Мин Чжу. Оның атап өтуінше, Ресей Орталық Банкінің ел нарығындағы жағдайды тұрақтындыруға жөніндегі шараларын ХВҚ дұрыс қадам деп есептейді. «ОБ жақсы және абайлап әрекет етіп жатыр. Ресей экономикасы тәрізді рубльдің де қалыпқа келгендігін көріп отырмыз», — деп мәлімдеді Мин Чжу.

Оның сөзінше, Ресейге «жақсы нәтижелерін сақтап қалу» қажет. Жекелей алғанда нарықтық тенденцияларға сәйкес валюталық курстың иілгіштігін өз деңгейінде ұстап отыру керек. «Бұл валюта мен экономиканың ары қарайғы тұрақтылығына ықпал етіп, болашақтағы экономиканың дамуы үшін нақты қор құрады», — деп атап өтті ХВҚ директорының орынбасары.

2015 жылдың бірінші тоқсанында Ресейдің жалпы ішкі өнімі 2014 жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға төмендеді. ХВҚ-ның есептеуінше, Ресей экономикасы жыл соңында 3,8 пайызға дейін қысқарады.