ИДМ жанындағы Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы сайланды

240
Қоғамдық
Фото: /kokshetau.asia

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz — Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Юрий Лавриненко Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы болып сайланды деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Юрий Лавриненко — «KAZLOGISTICS» көлік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Қазақстан тасымалдаушылары мен вагондар (контейнер) операторлары қауымдастығында қадағалау кеңесінің мүшесі.

Жұмыс істеген жылдары Қазақстан компартиясының Орталық комитетінің сектор меңгерушісі, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде 2-шақырылымның депутаты, «Қамқор Менеджмент» ЖШС бас директоры және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президентінің кеңесшісі болып қызмет атқарды.

Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған кандидатты бірауыздан қолдап, дауыс берді. Жаңадан сайланған төраға өзіне сенім артқандары үшін алғысын білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері Қоғамдық кеңестің қызметін жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.