Ұйғыр ауданының тұрғындары Тоқаевқа үндеу жасады

Алматы облысы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылының тұрғындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Негізгі көтерілген мәселе – ауданның аты мен ұйғырша аталатын қазақ ауылдарының атын өзгерту.

Тұрғындардың айтуынша, осы мәселелерге президент назар аудармаса, аудан орталығында қарсылық акциясын жалғаса бермек.