Илон Маск Tesla компаниясының директорлар кеңесінен кетеді

6
Tesla
Фото: nhipsongkinhte.ttvn.vn

Алматы. 1 қазан. 7kun.kz – Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск 20 млн доллар айыппұл төлеп, директорлар кеңесінен 3 жылға аластатылады, деп хабарлайды 24.kz.

Бірақ ол Tesla-ның бас директоры қызметін сақтап, өзіне тағылған кінәні мойындамауға құқылы.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың құнды қағаздар мен биржа бойынша комиссиясы Илон Маскқа «алаяқтыққа барған болуы мүмкін» деген айып таққан болатын. Бұған кәсіпкердің Tesla компаниясына қатысты жасаған мәлімдемесі түрткі болса керек.

Тамыздың басында Илон Маск өзіне Tesla-ның барлық акцияларын сатып алуға көмектесетін сенімді акционердің бар екенін айтқан еді. Бұл мәлімдемеден кейін компанияның құнды қағаздары қымбаттап, сосын лезде арзандап кетті. Бұдан инвесторларға миллиондаған доллар шығын келді. Осы жайттан кейін Илон Маскқа қарсы іс қозғалды.