Жыл басынан бері инфляция 3,7 пайыз болды

инфляция
Фото: Национальный бизнес

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы инфляция деңгейі 3,7 пайызға жетті. Ал  2016 жылдың аталған мерзімінде көрсеткіш 4,6 пайыз болған. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банктің мемлекеттік құнды қағаздары мен банкноттары банктер үшін үлкен пайда түсірмейді, бұл шынайы экономика секторына бағытталуға жағдай жасайды.
Экономиканы теңгемен несиелендіру 3,8 пайызға артты, ал шетелдік валютада керісінше, 10,3 пайызға азайды. Бұған қоса, нарықта теңге салмағының көлемі де артты. 2017 жылдың басынан ұлттық валютадағы ақшалай көлемі 920 млрд теңгеге артты.

Маусым айы соңындағы теңгенің биржалық курсы 3,3 пайызға бекітілді. Ұлттық банктің алтын-валюта сақтық қоры  30 млрд доллар (2,6 пайызға артты) болды. Шетелдік валютадағы активтері 62 млрд доллар болды. Жалпы халықаралық резервтер 92 млрд доллар (ЖІӨ-нің 65 пайызы). 2017жылы қаңтар-мамырдағы салымдар 11,8 пайызға артқан.