Instagram-ға видеоқоңырау қосымшасы енгізілуі мүмкін

видеоқоңырау
Фото: TechnoBuffalo

Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — Жуық арада танымал Instagram әлеуметтік желісінің пайдаланушылары қосымша арқылы видеоқоңыраулар соғу мүмкіндігіне де ие болады. Бұл туралы Techradar.com мәлімдеді.

Әзірленіп жатқан жаңа функция іOS және Android пайдаланушыларына бірнеше айдан кейін қолжетімді болады. Бірақ Instagram өкілдері бұл ақпаратқа пікір білдіруден бас тартып отыр.

Видеоқоңырау функциясы әзірше Instagram-ның бас компаниясы Facebook-тің басқа сервистерінде — Facebook Messenger және WhatsApp қосымшаларында бар.

Ақпарат көзі: 24 Хабар.