Инвесторлар Америкадағы сайлауға алаңдаулы: биржа индекстері төмендеп жатыр

Фото: bigmir.net

Нью-Йорк. 9 қараша. 7kun.kz — Дәл қазір Америкада өтіп жатқан сайлау биржа нарығына кері әсерін тигізіп жатыр. Алғашқы нәтижелерге байланысты биржаларда құлдырау байқалады деп жазады шетелдік БАҚ. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Дональд Трамп алда келеді. NY Times оның жеңіске жету мүмкіндігін 86%-ға бағалап отыр. Бұл уақытта Dow Jones индексі 2,4%-ға, S&P 3%-ға және Nasdaq көрсеткіші 2,9%-ға төмендеді. Азиялық нарықта Трамптың жеңіске жетудегі мүмкіндігі көбейген сайын негативті динамика көрсетіп жатыр. Жапондық Nikkei 3%-ға, корейлік биржа 1,84%-ға, тайвандық биржа 1,65%-ға, шанхайлық биржа көрсеткіштері 0,63%-ға азайды. Мексикандық песо бағамы да соңғы 20 жылдағы ең ірі құлдырауды көрсетті.

Сайлаушыларға алдын-ала жүргізілген сауалнамаға байланысты инвесторлар президент бәйгесінде Хиллари Клинтон жетеді деген болжам жасап отыр. Олар экс-мемлекеттік хатшыны миллардер Дональд Трампқа қарағанда ел экономикасы үшін сәтті қадамдар жасай алатын тұлға деп есептейді.