Ипотекаға үй алу үшін жалақыңыз қанша болуы керек?

5903
Фото: Kapital.kz

Астана немесе Алматыдан ипотекаға пәтер алу үшін қанша жалақыңыз қанша болуы керек? Банк өкілдері жауап береді. Қаржыгерлердің есептеуінше, 1 бөлмелі пәтерді ипотекалық кредитке алуды жоспарлап отырған отбасының орташа айлық табысы 200 мың теңгеден кем болмауы қажет.

Сбербанк Қазақстанның бөлшек бизнес стратегиясын атқаруды жоспарлау және бақылау басқармасының директоры Мақсат Нұриденұлының мәліметінше, Алматыдағы жаңа монолитті үйдегі пәтердің ай сайынғы төлемі — 232 мың теңге, ал Астанада — 201 мың теңге.

«Ал Алматыдан ескі панелді үйден алынатын пәтердің орташа төлемі — 158 мың теңге, Астанадағы төлем — 143,8 мың теңге. Жалпы алғанда 1 бөлмелі пәтерді сатып алудағы орташа төлем 110 мың теңгеден басталады. Ары қарай аймағына, алынған пәтердің сапасына байланысты өзгере береді», — деп нақтылады ол.

Оның түсіндіруінше, екі ересек адам және бір бала бар орташа статистикалық отбасының ай сайынғы табысы 250 мың теңге көлемінде болуы керек. Ал балалары жоқ отбасының кірісі 250 мың теңгеден кем болмауы тиіс. Кредиттің максимал мерзімі — 20 лет.

Банк Центр Кредиттің мәліметінше, 14,2 млн теңгеге ипотека алынған үй үшін ай сайын 135,9 мың теңгеден төлеу қажет. Ал 21 млн теңге тұратын 2 бөлмелі пәтердің ай сайынғы төлемі — 202 мың теңге. 26,8 млн теңге деп бағаланған 3 бөлмелі пәтерге ай сайын 257,2 мың теңгеден төленуі тиіс.

Астанадағы 12,8 млн теңгелік бір бөлмелі пәтер үшін ай сайын 122,9 мың теңгеден төленеді. Ал 19 млн теңге деп бағаланған 2 бөлмелі пәтердің айлық төлемі — 182,8 мың теңге. Құны 24,2 млн теңгелік 3 бөлмелі пәтерге 232,6 мың теңгеден төлеу қажет.

«Ипотекалық кредит алу үшін клиенттің ай сайынғы табысы 250-240 мың теңге (15 жылдық кредит) немесе 230-390 мың теңге (20 жылға алынған ипотека) болуы керек», — деп атап өтті қаржы институтынан.

ВТБ Қазақстан Банкінің мәліметінше, ай сайынғы төлем көлемі бірнеше факторға байланысты: жылжымайтын мүліктің құны, алғашқы жарнаның болу-болмауы және несиелендіру мерзімі.

«Қазіргі уақыттағы ипотекалық кредиттің ай сайынғы орташа төлемі (несиелендіру мерзімі — 15 жыл, алғашқы жарна — пәтер құнының 30%-ы). Астанада бір бөлмелі пәтердің ай сайынғы төлемі — 200 мың теңге, 2 бөлмелі пәтер төлемі — 320 мың теңге, 3 бөлмелі пәтер төлемі — 370 мың теңге. Алматыда бір бөлмелі пәтердің ай сайынғы төлемі — 160 мың теңге, 2 бөлмелі пәтер төлемі — 230 мың теңге, 3 бөлмелі пәтер төлемі — 310 мың теңге.

Банктің хабарлауынша, ипотекалық қарызды беру кезінде клиенттің төлем қабілеттілігі және алғашқы жарнаны төлеу мүмкіндігі ескеріледі. Жалпы алғанда банктегі ипотекаберу мерзімі — 15 жыл.

«Ипотека беру туралы шешім көптеген факторларға байланысты, сондықтан клиенттің орташа табысын анықтау мүмкін емес», — деп атап өтті қаржы құрылымынан.

Статистика комитетінің ақпараты бойынша, 2016 жылдың қырүйегінде республика бойынша жаңа пәтердің 1 шаршы метрінің бағасы 0,4%-ға арзандаған яғни 251,1 мың теңге. Астанадағы жаңа пәтердегі 1 шаршы метрдің бағасы — 341,7 мың теңге, Алматыдағы 1 шаршы метр бағасы — 319,4 мың теңге.