Ирак ОПЕК өндірісінің шамамен 90% өсімін қамтамассыз етеді

602
Ирак ОПЕК өндірісінің шамамен 90% өсімін қамтамассыз етеді

Ирак мұнай экспорттаушы елдер ұйымына (ОПЕК) кіретін мемлекеттердің мұнай өндіру көлемінің шамамен 90% өсімін қамтамассыз етеді. Бұл жайлы Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) дайындаған мұнай саласы дамуының орта мерзімді болжамының таныстырылуында агенттіктің атқарушы директоры Мария ван дер Хувен хабарлады.

Ол Ирактың мұнай өндіру көлемдерін арттыру үшін қуаттары бар екендігін атап өтті. «Ислам мемлекетінің пайда болуымен қиындықтар туындады, бірақ олар өндіріс өсімін баяулатпады», — деді ол.

Сонымен қатар ол Иран да өндірісті арттыра алатындығын атап өтті.

2020 жылға дейінгі ХЭА болжамына сәйкес, ОПЕК құрамындағы елдердің мұнай өндіру көлемі 36, млн б/т дейін өседі. ОПЕК мұнайына деген сұраныс қазіргі 30 млн б/т-ден 32 млн б/т дейін артады.

Сондай-ақ М.ван дер Хувен нарық жағдайлары мұнай бағасына түрліше бейімделетіндігін қоса айтты. Бір жағынан, баға түскен кезде өндірісті қаржыландырған күрделірек (атап айтқанда, мұнайдың төмен бағасы терең қайраңдағы жобалардың қаржыландырылуын қиындатады), бірақ басқа жағынан — өндірістің төмендеуін өтеу үшін көбірек өндіруге мотивация бар деп мәлімдеді ол.