Иран Ресеймен 7 млрд доллар несие алу жөнінде келіссөз жүргізбек

Иранның экономика министрінің орынбасары дүйсенбі күні Ресейге келеді. Ол Мәскеуге келу барысында біріккен жобаларды жүзеге асыру үшін 7 млрд доллар көлемінде несие алу жөнінде келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Иран елшісінің сөзінше, екі жақты келіссөздер РФ Қаржы министрінің орынбасары Сергей Сторчакпен жүргізіледі. «Біз үшін бұл маңызды, бізде РФ Президентінің Тегеранға келген кезінде 40 млрд доллар көлеміндегі парафирленген жобалар мен 2 млрд долларға жасалған келісімдер бар. Сондықтан 2016 жылы Ресей бұрын уәде етілген 7 млрд доллар несиені береді деп үміттенмін», — деді елші.

Айта кетейік Ресейдің Иранға 7 млрд доллар көлемінде несие беретіні туралы 2015 жылдың қараша айында Иранның өндіріс, кен және сауда министрінің орынбасары Моджтаба Хосроутадж жариялаған болатын.

Алайда аталған ақпаратты Ресейдің энергетика министрі растағанмен, қаржы министрінің көмекшісі Светлана Никитина Ресей үкіметі бюджетте ақша болмағандықтан Иранға несие беру туралы шешімді қабылмамағанын хабарлады.

Фото: kursiv.kz