Ірі банктер өз криптовалюталарын шығарады

432
Фото:kapital.kz

UBS және Swiss bank банктері Deutsche Bank, Santander және BNY Mellon цифрлы ақша құрастыру идеясын қолдау білдірді. Электронды ақшалардың жаңа түрі қаржы операцияларын реттеудің жаңа стандарты болуы тиіс деп жазады Financial Times. 

Жаңа электронды валютаның коммерциялық шығарылымы 2018 жылдың басында болады.

Алғашында банктер алаяқтық қаупіне байланысты цифрлі валюталарға күдікпен қараған еді. Алайда банктер қазір бизнес-процессті жылдамдатып, әлемдік нарықтағы саудада бұғатталған миллиардтаған капиталдарды еркіндікке шығару үшін бұл технологияны қалай пайдалануға болатындығын зерттеп жатыр.

Citigroup банкі Citicoin атты цифрлы валютасын құрастырып жатса, Goldman Sachs SETLcoin криптовалютасын патентке ұсынды. JPMorgan да осындай жобамен жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі уақытта АҚШ-тың Федералды резервті жүйесі (ФРЖ), Англия Банкі және Канада Банкі цифрлы валютаның потенциалды артықшылықтарын зерттеп жатыр. Дегенмен, әзірге, қауіпсіздік және банк тұрақтылығына ықпалы деген тәрізді проблемалар бар.