Іскерлік журналистика мектебі

«Іскерлік журналистика мектебі» қаржы, экономика, бизнес тақырыптарында жазатын журналистерді дайындау мақсатында ашылған.

2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультеті Мерзімді баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының жанынан «Іскерлік журналистика клубы» ретінде құрылған. 2014 жылдан бастап «Іскерлік журналистика мектебі» болып ашылды. Мектептің алғашқы түлектері қазіргі кезде 7kun.kz іскер жаңалықтар сайтында жұмыс істеуде.

Тыңдаушыларға дәрісті белгілі журналистер, банк қызметкерлері мен қаржыгерлер жүргізеді.

Курс барысында тыңдаушылар 7kun.kz сайтының редакциясында тәжірибеден өте алады. Курс аяқталған соң тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Үздік тыңдаушылар 7kun.kz сайтына және Qazaq Media Group компаниясының жобаларына жұмысқа қабылданады.

Іскерлік журналистика мектебіне жазылу үшін  info@7kun.kz электронды поштасына өзіңіз туралы ақпаратты, байланыс мәліметтерін жазып жіберіңіз немесе төмендегі форманы толтырыңыз.

 

[contact-form-7 id=»1485″ title=»Контактная форма 1″]