Apple iTunes-тің қызметін тоқтатады

35
WWDC
Фото: ixbt.com

Алматы. 3 маусым. 7kun.kz — WWDC конференциясында Apple компаниясы iTunes қосымшасын жабатынын жариялайды, деп хабарлайды Bloomberg.

iTunes — 2001 жылы алғаш рет Mac компьютерлерінде орнатылған қосымша.

ITunes орнына үш жаңа бағдарлама пайда болады – Music, TV және Podcasts. iTunes-ті iPhone иелері ДК-де деректерді резервтік көшіру үшін пайдаланды. Атауына қарасақ, ұсынылған жаңа үш бағдарламаның бірде-бірі осындай мүмкіндіктерді бермейді. Бұл жерде екі нұсқа бар: немесе iTunes тек ДК деректердің сақтық көшірмесін жасау үшін қолданба ретінде ұсынылады немесе Apple бұлт жадымен алмастыру арқылы бұл функциядан бас тартады.

Іс жүзінде iTunes функциялары жаңа «Apple Music» қолданбасын өзіне алады. Бағдарлама iOS құрылғыларымен синхрондау, БҚ қалпына келтіру, сақтық көшірме жасау, сондай-ақ медиатекті ұйымдастыруға арналған құралдарды қоса алғанда, медиакомбайнның көптеген негізгі функцияларын сақтайды.

Сондай-ақ, macOS-та фильмдерді көруге, подкасттарды тыңдауға және кітап оқуға арналған жеке бағдарламалар пайда болады.

Компания қазірдің өзінде Facebook пен Instagram-дағы iTunes парақшаларын толығымен тазартты. Сонымен қатар, iTunes-пен байланысты домен аттары енді пайдаланушыларды Apple TV және Apple Music беттеріне бағыттайды.