Іздеу жарияланған кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев ұсталды

Қазақстан. 4 маусым. 7kun.kz – Мемлекетаралық іздеу жарияланған қазақстандық кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев ұсталды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

«Мемлекетаралық іздеу жарияланған Жексенғалиев Әнуарбек Болатұлын Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері ұстады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әнуәрбек Жексенғалиев 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.