Klout, Lytro, Google+, Hangouts: 2018 жылы жабылған компаниялар мен сервистер

Cambridge Analytica

2018 жылдың мамыр айында Cambridge Analytica компаниясы жабылды. Олар әлеуметтік желінің бұрынғы қызметкерлерінен 87 миллион Facebook пайдаланушысының деректерін заңсыз алған.

2015 жылы Марк Цукерберг компаниясы Кембридж университетінің психология профессоры Александр Коганның үшінші тұлғаларға Thisisyourdigitallife қосымшасынан алынған деректерді бергенін анықтады. Ал ол деректер Facebook API бойынша алынған.

Зерттеу мақсаттары мен пайдаланушылардың психологиялық портреттерін жасау үшін құрастырылған қосымшаның жұмыс уақытында оған 270 мыңға жуық адам қосылды. Сонымен қатар, олар Facebook — те көрсетілген өзінің жеке деректерін және достар тізімінен пайдаланушылар деректерін өңдеуге келісім берген.  Коган шамамен 87 млн профильден ақпарат алды.

Коган Facebook-тегі ғана емес, әлеуметтік желілердің ережелерін айналып өтіп, Eunoia Technologies және Cambridge Analytica компанияларына да ақпарат жіберді.

2015 жылы Facebook қосымшаны жойып, Коганнан пайдаланушылар туралы ақпаратты жоюды талап етті. Cambridge Analytica және Eunoia Technologies компаниялары мен профессор деректердің жойылғандығын растады, алайда 2018 жылдың наурыз айында Facebook барлық деректердің жойылмағанын анықтады. Cambridge Analytica бұл ақпаратты саяси жарнамаларды, соның ішінде 2016 жылы Дональд Трамп президенттік кампаниясын ілгерілету үшін пайдаланған.

2018 жылдың 17 наурызында Cambridge Analytica Facebook-пен орын алған оқиғаның тергеу жұмыстары, бас директордың ауысуы және әлеуметтік желі пайдаланушыларының барлық деректері жойылғандығы туралы мәлімдеді. Ал 2018 жылдың 2 мамырында басшылық АҚШ пен Лондондағы барлық кеңселердің жабылатынын жариялады.

Theranos

2003 жылы құрылған Theranos компаниясы клиникалық қан анализі үшін құрал-жабдықтарды әзірлеумен айналысты. Стартаптың мәселелері 2015 жылы басталды, ол кезде Theranos компаниясы өзге компаниялардың талдау нәтижелерін өзгертуге және басқа да өндірістерді пайдалануына байланысты айыпталды. 2014 жылы компанияның бағасы 9 млрд долларға жетті,  алайда бұл көрсеткіш 2015 жылы  800 млн долларға дейін төмендеді.

2018 жылдың наурыз айында АҚШ бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясы (SEC) Theranos басшысы Элизабет Холмс және компанияның бұрынғы президенті Рамеш Балвани инвесторларды, дәрігерлерді мен клиенттерді саналы түрде алдап, қан анализі технологиясының жоқ артықшылықтары туралы айтып, Theranos қаржылық көрсеткіштерін арттырған деген қорытындыға келді.

2018 жылдың 5 қыркүйегінде Theranos компаниясы 6-12 ай ішінде кредиторларға қалған ақшаны қайтару үшін компанияны тарататынын жариялады. WSJ мәліметтері бойынша, инвесторлар жобаға шамамен 1 млрд доллар инвестиция салды және бұл қаражатты қайтаруға жетпейді.

Lytro

Lytro компаниясы 2011 жылы жұмысын бастады. Компания жарық өрісінің камераларын дайындады. Олар жарық түсі мен қарқындылығы туралы ғана емес, сондай-ақ жарықтың бағыты туралы да ақпаратты жазуға мүмкіндік береді. Соның арқасында өңдеуден кейін кадрдың фокустауын және өрістің тереңдігін өзгертуге болады. Компания 2017 жылы 200 миллион долларға жуық инвестиция алып, бірнеше құрылғыларды шығарады.

Фото: amateurphotographer.co.uk

Компанияның проблемалары 2016 жылы басталды. Оған себеп, сол уақытта  Lytro-ның өзі күткендей жоғары қарқынмен өспеген  виртуалды шынайылық технологиялар нарығына баса назар аударғанында болды. Сондай-ақ, стартаптың жетістікке жетуіне фотоаппараттардың технологиялық күрделілігі мен бағасы кедергі келтірді. Қазір стартаптың активтері мен патенттеріне Google  корпорациясы иелік еттеді. Lytro 2018 жылдың наурыз айынан бастап корпорация меншігінде. Мәміленің құны 25-40 миллион АҚШ долларын құрайды, ал Lytro 300 миллион долларға бағаланған.

Airware

Airware компаниясын 2011 жылы Джонатан Дауни құрды. Ол белгілі бір бағыт бойынша деректерді автоматты түрде жинайтын ұшқышсыз аппараттарды автопилоттау жүйесін әзірледі. 2015 жылы Airware  өз меншігіндегі  коммерциялық дрондардың  инвестициялық қорын ашып,  2016 жылы Redbird дрондарын талдау бойынша стартапты сатып алды.

Стартап дрондардың көмегімен зақымданған жабдықтарды тексеру үшін бұлт жүйесін жасады. Жүйе кәсіпорындарға шатырдың зақымдануын, шахтадан алынатын шикізат көлемін тексеруге және құрылыс алаңдарының жоспарын құруға көмектесті. Жоба құрылыс, тау-кен және сақтандыру компанияларын қызықтырды. Инвесторлар Andreessen Horowitz, Google Ventures және Kleiner Perkins атынан жүйенің дамуына 118 млн доллар қаржы жұмсады.

Стартаптың қаражаты қытайлық DJI сияқты дрондар нарығының көшбасшыларымен бәсекелесе алмаған өз жабдықтарын өндіруді жолға қоюға әрекет еткеннен кейін бітті.  Бұл Mitsubishi-мен серіктестікке қол қойылғаннан және Токиодағы штаб-пәтердің ашылғанына төрт күн болғаннан кейінгі  кенеттен орын алған жағдай. 140 адам жұмыссыз қалды.

Telltale Games

2018 жылы 21 қыркүйекте Telltale ойын студиясы 225 қызметкерді жұмыстан босатып, бүкіл штаттың 90%-ын банкрот деп жариялады. Компания белгілі франшизалар бойынша ойындар әзірледі:  The Wolf Among Us, Minecraft, Game of Thrones, Batman және басқалар.

Forbes және Polygon журналисі Джо Парлок Telltale үшін нақты коммерциялық табыс The Walking Dead-нің тек бірінші маусымы және Minecraft ойыны болғанын айтты. Қалған “сериалдар” студияға пайда әкелмеді. Ал танымал брендтерді лицензиялау студияның мүмкіндігінше  нарықта ұзағырақ болуы үшін қажет болды.

Kuvee шарабына арналған “ақылды” бөтелке

2018 жылдың 22 мамырында шарапқа арналған “ақылды” бөтелкені жасаған Kuvee стартапы жабылды.  Ол 2014 жылы іске қосылды, жұмыс істеген уақыттында стартап  $9,8 млн инвестиция тартты. Инвесторлар қатарында  General Catalyst, Founder Collective секілді венчурлік қорлар және басқа компаниялар болды.

Kuvee экраны және Wi-Fi-ға қосылуға мүмкіндігі бар бөтелкелерді шығарды. Пайдаланушы бөтелкеде қандай сусын бар екенін және оған қандай тағамдар қолайлы екенін біле алды. Сонымен қатар, тағы да шараптарға тапсырыс беру мүмкіндігіне ие болды. Бөтелке тек Kuvee-де сатып алуға болатын шарап толтырылған картридждермен жұмыс істеді. Шөлмек және төрт картридж құны – 178 доллар.

Фото: lubiteliyablok.com

Компания басшысы Виджай Манванидің айтуынша, компанияның жетістікке жетуі мен Kuvee нарығын дамыту үшін әлдеқайда көп капитал қажет болды. Ол жобаның жабылу себебін осылай түсіндірді. Сондай-ақ басшы Напа қаласындағы (Калифорния) өрт салдарынан 2017 жылы Kuvee-ге курорттық маусым кезеңінде клиенттік базаны масштабтау мүмкін болмағанын айтты. Ал бұл одан әрі дамуға инвестиция тарту үшін қажет еді.

Ossic

2018 жылы 21 мамырда дыбыс күшейткіш құлаққаптарды әзірлейтін Ossic стартапы жабылды. Стартап Kickstarter-ден 2,7 млн доллардан астам, ал Indiegogo-да тағы 3,22 млн доллар қаражат тарта алды. Тапсырыс берілген Ossic құлаққаптарының жаппай өндірісін аяқтау үшін компанияға 2 млн доллар қажет болды. Бірақ стартап қаражатты ала алмады.

Жоба пайдаланушыларды «3D дыбысын шығаратын әлемдегі алғашқы құлаққаптарға» инвестиция салуға шақырды. Жобаның негізін қалаушылар мұндай  құлаққаптарды  VR ойындарына  көмектеседі деп есептеді.

Компания өкілдері өз мәлімдемесінде краудфандинг компаниясының және басқа да инвестициялардың арқасында Kickstarter пайдаланушыларына  жеткізілген 250 жұп құлаққап жасалғанын хабарлады. Ossic алаңында шамамен 10 мың адам инвестиция салды.

Ossic компаниясы өзінің сәтсіздігіне VR индустриясының баяу дамуын кінәлады. Компания жобалық топ өз қаражатын жұмсап, жалақысыз жұмыс істеуге тырысқанын айтты. Бірақ Ossic сондада жабылуы керек екенін түсіндірді.

Path

2018 жылдың қыркүйегінде Path мобильді әлеуметтік желісі жабылды. Facebook және Napster бұрынғы қызметкерлерінің сервисі сегіз жыл жұмыс істеді.

Path әлеуметтік желісі 2010 жылдың қараша айында Facebook өнімінің бұрынғы менеджері Дэйв Морин, сондай-ақ Napster файлалмастырғышының негізін қалаушы Шон Фэннинг және Дастин Мироның бастамасымен іске қосылды.

Path-ты  іске қосқан кезде тек смартфондарға арналған бағдарлама түрінде жұмыс істеді. Бастапқыда достар тізіміне тек 50 адам ғана қосуға мүмкіндік берді, бұл Facebook-ке «жекеше» балама болатын. Бірақ кейін бұл шектеу жойылды.

Танымалдық шыңында сервисті 15 млн пайдаланушы пайдаланды, деп жазады TechCrunch. 2011 жылы Path-ты Google сатып алуға тырысты, алайда компания 100 млн доллар бағасымен ұсынысты қабылдамады. 2013 жылы сервис бағасы 500 млн долларға жетті. 2015 жылы әлеуметтік жүйені Азиядағы танымал мессенджер KakaoTalk әзірлеген корейлік Daum Kakao сатып алды.

Shyp

Талаптар бойынша жеткізу қызметі 2014 жылы іске қосылды. Қолданушылар қосымша арқылы қаптаманы сақтандыру схемасын, жеткізу тәсілін, уақытын және орнын таңдай алады. Shop 62,1 млн $  инвестиция тартты, eBay-мен серіктестік жасады. Бірақ жоба жетекшісі шығынды b2c-бағытын сақтап, қателікке жол берді.

Нәтижесінде Shyp-ке ең табысты Сан-Францискодан басқа барлық қалалардағы қызметін тоқтата тұруға және бизнес-клиенттерге толық көңіл бөлуге тура келді. Компания алғашқы пайданы 2017 жылдың желтоқсанында ғана тапты. Бұл аз болды, 2018 жылдың наурыз айында сервис жабылды.

Ресейлік компаниялар немесе бөлімшелер

Баспа басылымдары: PC Magazine, Hollywood Reporter, “Игромания” және ” Мир Фантастики».

2018 жылы Ресейде бірнеше баспа басылымдары жабылды. Олардың бір бөлігі онлайнда қалды, кейбірі жаңа брендке ауысты.

Hollywood Reporter Russia

THR Russia – кино туралы жазатын америкалық жетекші басылымның ресейлік нұсқасы. Енді бұл журнал шығарылмайды. Журнал Ресейде 2012 жылдан бастап шықты, тираждың  саны алғашқы жылдары айына 80 мың дананы құрады. Содан кейін  50 мыңға дейін қысқарды.

Ресей редакциясындағы лицензиядан бас тарту америкалық кеңсе тарапынан шығармашылық шектеулермен түсіндіріледі: журнал ресейлік киножұлдыздардың суретін мұқабаға қойып, ірі шетелдік кинооқиғалар кезінде өз іс-шараларын жүргізе алмады. Шешімге экономикалық жағдай да әсер етті.

Команда ресейлік киноиндустрия туралы жаңа жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Жаңа “Кинорепортер” журналы ресейлік кино мен Еуразия кеңістігінің шығармашылықтарын насихатауға бағытталған. Журналдың таралымы жазылушылар санына байланысты болады, ал оның құны редакцияда  әлі нақтыланбаған.

Компания The Hollywood Reporter лицензиясын қайта жаңартпау туралы шешім қабылдады. Журналдың ресейлік нұсқасы мен “Кинорепортер” бас редакторы Мария Лемешева жобаның негізіне The Hollywood Reporter-дің ресейлік нұсқасы үшін редакция жасаған ең үздік тұжырымдамалар қаланғанын атап өтті.

«Игромания» және «Мир Фантастики»

“ИгроМир 2018” көрмесінде “Игромания” басылымының қызметкері Никита Власов басылым нұсқасының жабылуы туралы жариялады. Желтоқсандағы нөмірі (он екінші) соңғы таралым болды.

Бірақ басылым Twitch және YouTube-тегі сайты мен арналарын одан әрі дамытады.

“Цифрлық дәуірдің пайда болғанын түсінемін, принт көбісіне қажет емес, беттерді ауыстыратын уақыт келгені жанымызға ауыр тиеді. Принтке біз үшін жасаған барлық жақсылықтары үшін рақмет!” , – деді “Игромедиа” директоры Евгений Исупов.

Сондай-ақ,  “Игромедия” “Мир Фантастики” журналының баспа нұсқасын жапты. Бірақ Hobby World үстел ойындары баспагері журналды сатып алып, кем дегенде 2019 жылдың соңына дейін қағаз нұсқаны сақтауға уәде берді. Жаңа иесі журнал командасын ұлғайтып, бас редакторды сақтауды жоспарлап отыр.

Hobby World “Мир Фантастикиді” пошта жазылымы бойынша, сондай-ақ өздерінің 70 меншікті және франшизді нүктелері бар Hobby Games дүкендерінде  таратады. Журналдың болжамды таралымын  жаңа меншік иесі айтпады.

Сонымен қатар, Hobby World қазір  ойындармен жұмыс істейтін CrowdRepublic краудфандингтік платформасында журналға қаражат жинауды іске қосып, сұранысты талдауды жоспарлап отыр.

PC Magazine

2018 жылы 26 шілдеде  “СК Пресс” ДК  акционерлері  компьютерлік  техника туралы PC Magazine/Russian Edition журналын жабуға шешім қабылдады. Ол 1991 жылы құрылды және 40 мың дана тиражбен шығарылды.

Кэшбери

2018 жылдың 1 қарашасында “Кэшбери” компаниялар тобының жетекшісі Артур Варданян ұйым жұмысының тоқтатылғанын жариялады. Қыркүйек айының соңында Орталық банк “Кэшбериді” Ресейдің ірі қаржы пирамидасының бірі деп атады. Реттеуші компания клиенттерінің ықтимал шығындарын 1-3 млрд рубль деңгейінде бағалайды.  Орталық банк компания үстінен Бас прокуратура мен ІІМ шағымданды, ал прокуратура сот арқылы “Кэшбери” сайттарын бұғаттады.

Варданян сөзінше, “Кэшбери” әлемдік нарықтағы “үлкен ойын” алдындағы жаттығу. Ол 2019 жылдың ақпан айында жаңа GDC компаниясы іске қосылатын болады деп уәде берді. Варданян GDC “үздік инвестициялық ұсыныстармен, үздік маркетингпен және толық ашық жұмыс схемасымен” ауқымы бойынша теңдесі жоқ әлемдік компания болады деп есептейді.

Fastlane Ventures

Fastlane Ventures венчурлық компаниясын 2010 жылы Оскар Хартманн, Паскаль Клеман және Марина Трещова ашты. Қор табысты батыс интернет-жобаларын клондады және Fast 50 технологиясы бойынша жұмыс істеді. Fastlane Ventures құрылған сәттен бастап $100 млн  инвестиция тартты және 20 жоба жасады. Олардың қатарында, Sapato аяқ киім онлайн дүкені және Teamo Танысу қызметі бар. Алайда Қор жобаларының басым бөлігі жабылды.

Өткен жылдың 4 желтоқсанында  Fastlane Ventures өзінің соңғы сайттарын сатып, (Kakprosto.ru және Justlady.ru) инвестициялық қордың жабылуы туралы хабарлады.

Media Markt

2018 жылдың 20 маусымында “М. Видео” және “Эльдорадо” техникасының сатушылары кіретін “Сафмар” тобы неміс Ceconomy-ден Media Markt ресейлік дүкендерін сатып алды. Media Markt-тің 42 дүкенінен басқа, “Сафмар” 258 млн доллар алады. Ал Ceconomy “М. Видеоның” 15%-на ие болды.

Мәміле аяқталғаннан кейін “М. Видео”  Ресейдің 22 қаласындағы 42 ресейлік Media Markt дүкенін басқаруға алды. Сатып алынған дүкендер “М. Видео” және “Эльдорадо” брендтерімен жұмысты жалғастырды.

2018 жылдың 1 қыркүйегінде Media Markt-тің барлық дүкендері жабылды және тамыз айында тауарлардың жаһандық жаппай сатылымы өтті. Сондай-ақ сатып алушыларды дүрліктірген “Барлығы рубльге ” акциясы жарияланды.

“Натали Турс»

2018 жылы шілде айының басында Ресейдің ескі туроператорларының бірі “Натали Турс” қаржылық қиындықтарға байланысты шетелге сатылған барлық турлардың күшін жою және жаңа сатылымдарды тоқтату туралы жариялады. Компания 1 қазаннан бастап жұмысты жалғастыруды жоспарлаған.

2018 жылдың 3 қыркүйегінде Ростуризм туроператорлардың федералды тізілімінен “Натали Турс” –  “Панорама тур”,  “Натали” саяхат агенттігі” және “Натали Турс” заңды тұлғаларын алып тастады. Зардап шеккен туристерге өтемақы төлеу тетігін іске қосты. Ресей туроператорлары қауымдастығының мәліметтері бойынша, “Натали Турс” әрекеттерінен 30 мыңнан астам турист зардап шекті, ал шығын сомасы 1,2 млрд рубльді құрайды.

Туроператор 4 шілде күні турларды сатуды тоқтатқаннан кейін клиенттерге 700 млн рублге қызмет көрсеткенін хабарлады, бірақ бұл тек қана “алынған аванстарды ішінара” жабады. “Өкінішке орай, ағымдағы жағдайларда біз Ресейдің туристік нарығындағы 26 жылдан кейін осы күрделі шешімді қабылдауға мәжбүр болдық”, — делінген “Натали Турс” мәлімдемесінде.

Otto

Неміс Otto Group компаниясы Ресейдегі Otto және Quelle интернет дүкендерін жауып, оны стратегиялық өзгерістермен түсіндірді. Otto Group компаниясының әлі күнге дейін Bonprix және Witt моно-бренд жобалары, сондай-ақ eSolutions интернет-дүкендерін басқару платформасы жұмыс істейді.

Castorama

2018 жылдың 21 қарашасында үй мен саяжай тауарларын сататын Castorama  дүкендер желісі Ресей, Испания және Португалия нарығынан кететінін жариялады. Бұл елдерді тастап кету желіге жетекші орынға жетуі мүмкін негізгі нарықтарға назар аударуға мүмкіндік береді.

Қазір Ресейде 20 Castorama дүкені жұмыс істейді, олар 2019 жылы жабылады. Желі иесі, британдық Kingfisher компаниясы желіні толығымен немесе бөлек сатуға дайын. Компанияның әлеуетті сатып алушыларының есімдері аталмады. Оны Kingfisher нарықтан кету процесі енді басталғандығымен түсіндірді.

«Infoline-Аналитика» мәліметтеріне сәйкес, 2017 жылдың аяғында компания ресейлік DIY бөлшек сатушылар арасында тауар айналымы бойынша төртінші орынды иеленді.  Leroy Merlin, “Петрович” және OBI желілері рейтингте көш бастады.

“Экстра М”  баспасы

2018 жылдың 1 тамызында Ресейдің ірі баспаханаларының бірі “Экстра М” банкрот деп танылды. Баспаханада “Московская газета”,  Metro-ның мәскеулік нұсқасы, “Ведомости”,  “Правда”,  “Культура” және т.б. басылып шықты.

Баспа үйінің иесі Дмитрий Ананиев активтерді сатуға немесе оларды бақыланатын тәртіпте банкротқа салуды жоспарлады және ешқандай сатып алушы таппады. 2018 жылғы 14 желтоқсанда «Экстра М» жұмысын 2019 жылдың қаңтар айынан бастап тоқтату туралы шешім қабылдады.

Google сервистері

Goo.gl

2018 жылдың наурыз айында Google компаниясы 2009 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан сілтемелерді қысқартататын танымал Goo.gl сервисінің жұмысы тоқтайтынын хабарлады.

Google компаниясы goo.gl-ді  пайдаланушыларға iOS, Android және веб-қосымшада сілтеме жіберуге мүмкіндік беретін динамикалық Firebase сілтемелер – “ақылды” URL мекенжайларымен ауыстыруды жоспарлап отыр.

Google Goggles

Goggles – 2018 тамыз айында жабылған 2009 жылдың тағы бір қызметі. Ол Google Glass бағдарламасының бастапқы нұсқасына қызмет етті . Сондай-ақ, смартфон камерасы арқылы нақты әлем нысандарын іздеуге және тануға мүмкіндік берді.

Goggles ескірген, ал Google Lens машина оқыту технологиясы базасында жұмыс істейді, дәлірек айтқанда объектілерді танып, көптеген функцияларды атқарады.  Сондықтан ескі қызметті жабу туралы шешім қабылданды.

Google Allo

Google корпорациясы Google Assistant дауыс көмекшісінің мүмкіндіктерін көрсету үшін 2016 жыл Allo жасанды интеллект чатын іске қосты. Компания сервисті “ақылды” мессенджер деп атады: ол сұхбаттасушы сұраған хабарламаларға жауап қайтарды. Сонымен қатар,  виртуалды көмекшіге сұрақ қоюға мүмкіндік берді.

2018 жылдың сәуірінде компания Allo-ның дамуына инвестиция салуды тоқтатты. Allo 2019 жылдың наурызына дейін жұмыс істейді. Пайдаланушылар нұсқауларды орындау арқылы мессенджерден өз деректерінің көшірмелерін жүктей алады.

Google Hangouts

2018 жылдың 2 желтоқсанында Google компаниясы Hangouts мессенджерінің жабылатынын хабарлады. Барлық пайдаланушыларды қосымшаның Hangouts Chat немесе Hangouts Meet корпоративтік нұсқаларына аударады. Сондай — ақ, Google өкілі Hangouts-ті жабу компания өнімнің басты функциялары-бейне қоңыраулар мен чаттарды қолдаудан бас тартатынын білдірмейтінін атап өтті. Hangouts-тің нақты қай күні жабылатыны белгісіз.

Google Inbox

Компания Inbox-ті 2014 жылы ұсынды. Пошта клиенті Gmail пайдаланушыларының есептік жазбаларымен жұмыс істеді. Inbox дизайнымен және функцияларымен , мысалы, жеке хаттарды сұрыптау жүйесі, хабарды алдын ала қарау және қосымшада орнатуға болатын еске салғыштарымен ерекшеленді.

Фото: techspot.com

Сәуір айында Gmail жаңартуында әзірлеушілер сервиске Inbox-тің кейбір мүмкіндіктерін қосты: мысалы, кіріс хаттарын кейінге қалдыру мүмкіндігі және “ақылды” жауаптар. Енді Google Gmail дамуына көңіл бөледі, ал Inbox 2019 жылдың наурыз айының соңында жұмысын тоқтатады.

Google+

2019 жылдың сәуірінде Google пайдаланушылардың жеке деректерін қорғау және сервистің төмен танымалдығы мәселелеріне байланысты Google+ әлеуметтік желісін жабады. Сеанстардың 90% – ы бес секундтан артық болмады.

Өткен жылдың наурыз айында Google компаниясы  API-де Google+-тің қатесін тапты. Ол әзірлеушілерге  фото, электрондық пошта мекен-жайы, жынысы, жасы және т.б. сияқты иеленушілер байқамаған пайдаланушы мәліметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Google компаниясының ресми хабарландыруынан көп ұзамай, The Wall Street Journal компанияның беделіне нұқсан келетініне және  реттеушілер тарапынан аса назар аударудан қауіптеніп, табылған қате туралы ақпаратты  бірнеше ай бойы жария етпегенін хабарлады. Мамандар бұл қатені Facebook мәліметтерінің Cambridge Analytica-мен болған жанжалмен салыстырады деп есептеді.

Басылымның мәліметтері бойынша, үшінші тараптың әзірлеушілері 2015 жылдан бастап 2018 жылдың наурызына дейін қолданушылардың жеке деректеріне қолжетімділікке ие болды.  Ал Google әзірлеушілер бұл мәселенің шешімін таппады. Google компаниясы қате шамамен 52,5 миллион қолданушыға қатысты деп мәлімдейді.

Klout

2008 жылы Bing, Wikipedia, Facebook, Foursquare, Google+, Instagram, LinkedIn, YouTube және Twitter сияқты әлеуметтік желілерге қолданушылардың “әсер етуін” талдайтын Klout сервисі іске қосылды.  Сервис жазылушылар, репосттар, “тірі” және жалған аккаунттар санын, ықпалды адамдар қанша пайдаланушыға жазылғанын және олардың кіммен сөйлескенін талдай алады. Сонымен қатар, Klout қолданушылардың танымалдығы және өзара іс-қимылы туралы деректер негізінде пікір көшбасшыларын іздеуге көмектесті.

2014 жылы сервисті Lithium Technologies компаниясы сатып алып, оны 2018 жылдың 25 мамырында жапты. Компания Klout ұзақ мерзімді бизнес стратегиясына сай келмейді деп санайды.

Musical.ly

Музыкаға қысқа видеоларды жазуға мүмкіндік беретін Musical.ly қосымшасы 2014 жылы пайда болды. Қосымша жасөспірімдер арасында танымалдылыққа ие болды. Базаны пайдаланушылар саны 100 млн адамға жетті.

2017 жылдың қарашасында Қытайдың Bytedance компаниясы Musicical.ly компаниясын сатып алды. Мәміленің сомасы 1 миллиард долларға жуықтады, 2018 жылдың 2 тамызында Musical.ly компаниясы 500 миллионнан астам белсенді пайдаланушыларды жинаған қытайлық Byteance-TikTok компаниясының тарапынан толыққанды жабылды.

Cydia

2008 жылдың ақпанында ​​Джей Фриман iPhone құрылғысын стандартты емес параметрлермен жұмыс істеу үшін бұзатын және жабық iOS құжаттық жүйесіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін Cydia  қосымшалар дүкенін іске қосты.

2018 жылдың 15 желтоқсанында Фриман платформаны 2018 жылдың соңына дейін жабу жоспарлары туралы айтты. Оның айтуынша, қосымша шығын алып келеді. Себебі, iPhone-ді бұрынғыға қарағанда сирек бұзады. Сонымен қатар, Фриман бұл жобамен енді жұмыс істеуді қаламайды.

Сондай-ақ Фриман,  жақында Cydia-да қауіпсіздік қатесі анықталғанын хабарлады. Ал бұл барлық тіркелген пайдаланушыларға қауіп төндіреді.