Экономика министрі отставкаға кетуге дайын

зейнетақы
Фото: primeminister.kz

Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz — Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов журналистерге өз қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жасады деп айыпталған ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыповтың ісі бойынша сот шешімі күшіне енсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

«Сот шешімі күшіне енген кезде мен отставкаға кетемін. Бұл дұрыс тәжірибе. Бұл бірінші басшының отставкаға кетуін — моральдық міндеті. Оның кінәсі болған соң, бұл жоғары басшылықты анықтайды», — деді министр.

Еске сала кетейік, кеше Есіл аудандық сотында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыповқа қатысты сот тыңдауы аяқталды.

Сот оны ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған сот органдарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде, оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда, оның ішінде ұлттық-басқару қорларында, холдингтерде, институттарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жақыпов қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейтін болады. Жазаны өтеу мерзімі 2019 жылғы 29 мамырдан есептеледі.