Jýsan Bank есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету тарифтерін төмендетті

19
Jýsan
Фото: kstnews.kz

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz —»First Heartland Jýsan Bank» АҚ есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету тарифтерін төмендетті. «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-ның «Жусанбанкоммен жаз» акциясы бойынша жаңартылған тарифтер нарықта бизнесті жүргізу ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі қызмет саласындағы кәсіпорындар үшін әзірленген.

Заңды тұлғалар — кәсіпкерлер үшін есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету жеңілдігін есепке ала отырып (-40% — ға дейін) арнайы тариф шығарылды. Бұл қызмет есеп айырысу шотын тегін ашуға және интернет-банкинг жүйесіне тегін қосылуға мүмкіндік береді.

«Жусанбанкпен жаз» акциясы бойынша жаңартылған тариф «First Heartland Jýsan Bank»АҚ барлық аймақтық желісі бойынша орнатылған.

«Бүгін нарықта банктердің көпшілігі әр түрлі қызмет саласындағы кәсіпорындар үшін әзірленген есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетудің бірнеше пакетін ұсынатынын байқаймыз. Арнайы сервистердің көмегімен Қазақстандағы есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету шарттары мен тарифтерін салыстыруға болады. Алайда, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін банкті таңдап, шағын және орта бизнес өкілдері үшін, біз бірінші кезекте қолма – қол ақша алу құнының көрсеткішіне назар аударуға кеңес береміз», — деді «First Heartland Jýsan Bank» АҚ шағын және орта бизнес департаментінің директоры Асқар Битигов.

Сарапшының айтуынша, 2019 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша Қазақстанның жеті ірі банкі есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді ұсынады. Барлық тарифтердің айырмашылығы айтарлықтай деп қорытынды жасауға болады. Сондықтан, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету пакетін бизнес жүргізу ерекшелігіне байланысты таңдау керек.

«First Heartland Jýsan Bank» АҚ-да «Жусанбанкпен жаз» акциясын өткізу мерзімі — 2019 жыл жылдың маусым-тамыз айлары.

-40%-ға дейінгі жеңілдіктер клиенттің осы тарифті беру критерийлеріне сәйкес келген жағдайда мақұлданады.