Jýsan Bank-ке жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

86
Фридом
Фото: ru.sputnik.kg

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz — «First Heartland Jýsan Bank» (Jýsan Bank) АҚ Директорлар кеңесінің кезекті жиналысында Қайып Айбек Төребекұлы Банк Басқармасының жаңа төрағасы болып тағайындалды.

Оған дейін бұл қызметті Бекжан Пірматов атқарды.

«Jýsan Bank First Heartland Bank-пен бірігуді табысты аяқтады, жаңа даму стратегиясын қабылдады және бүгінгі күні Қазақстандағы банк активтерінің көлемі бойынша бесінші орында, сондай-ақ Орталық Азиядағы ірі қаржы институттарының бірі. Біз Қайып Айбек Төребекұлы мырзаның мол тәжірибесі мен білімі елдің озық технологиялық әмбебап қаржы институтының трансформация стратегиясын жүзеге асыруда Jýsan Bank-тің одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтеміз», -деп атап өтті Jýsan Bank Директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу.

Айта кетейік, Айбек Қайып 2010 жылдан бастап қаржы жүйесінде жұмыс істейді, HSBC банкінде ресурстар мен энергетика секторының талдаушысы болып қызмет атқарды. Сондай-ақ Ресей Сбербанкінде жетекші менеджер болды. 2016 жылдан бастап инвестициялық және қаржы компанияларында басшылық қызметтерін атқарды. 2018 жылы First Heartland Capital инвестициялық компаниясының басқарма төрағасы, ал 2019 жылы Jýsan Bank Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.