К.Эрнст: Ресей телевизиясында 2 жыл дағдарыс болады

829786 21.12.2010 Председатель экспертного жюри по выбору талисманов Олимпийских и Паралимпийских игр 2014 года Константин Эрнст участвует в специальном пресс-брифинге по итогам заседания экспертного жюри Всероссийского конкурса идей талисманов Олимпийских и Паралимпийских Игр в Сочи. Григорий Сысоев/РИА Новости

«Первый каналдың» бас директоры Константин Эрнст алдағы күзде арнаға дағдарыс ықпалы сезіле бастайды, ал 2016 жылдың екінші жартысында бүкіл телевизия нарығына әсер етеді деп мәлімдейді. Бұл туралы Тасс хабарлайды.

Оның сөзінше, әзірге жарнама көлемін азайтуға байланысты жүргізіліп отырған шығындарды барынша азайту бағдарламасы эфирге әсер етіп жатқан жоқ. «Қазір 2-3 жыл бұрын қаржыландырылып отырған сериалдарды көрсетіп отырамыз. Бірақ осы күзде дағдарыс бағдарламаларға әсер етуі мүмкін. Ал 2016 жылдың екінші жартысында барлығына ықпал етеді», — деп мәлімдеді ол.

Эрнсттің айтуынша, өткен жылы «Первый канал» қызметкерлер штатын 10 пайзға қысқартты, ал 2014 жылы арна басшылығы контент шығындарын азайту туралы келіссөздердің бірінші кезеңін бітірді. Қазір арна 30 жобаны эфирге жіберуге дайын, бірақ жарнамалық қаржыларға байланысты кедергілер туындап жатыр.

Дегемен де, «Первый каналдың» бас директоры дағдарыс кезінде адамдар дүкендерге, театр мен мейрамханаларға баруын азайтқандықтан теледидарға жиі бет бұруы мүмкін деген пікірін білдірді. «ТВ-ның позициялары қымбат болмаса да тұрақтылығын сақтап қалады. Негізгі арналардың барлығының аудиториясы өседі», — деп мәлімдеді ол.