Көлік өндірісі құлдырап барады

676

2016 жылғы тамызда шыққан статистикаға сенсек, бірінші жартыжылдықта біраз баяулап қалған отандық көлік өндірісі қайтадан жандана бастаған. Шілде-тамыз айларындағы шығарылған көліктер саны осы жылдың 1-жартысымен салыстырғанда 7 пайызға көп. Одан бөлек, тұтынушылардың 35 пайызы Қазақстанда құрастырылған көліктерді сатып алған.

Ресми статистика бойынша, қаңтар-тамыз айларында 6175 көлік құрастырылған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 29,4 пайызға аз болса да, осы жылдың 1-жартысымен салыстырғанда алға жылжу байқалады. 2016 жылдың І жартыжылдығында 2015 жылдың алғашқы алты айынан қарағанда 3 есе аз құрастырылған еді. Негізі жасалатын көлік санының кемуі алғаш рет емес: 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда жасалған көлік саны 62,4 пайызға азайған.

Шілде мен тамыз аралығында – екі айдың ішінде 3192 көлік құрастырылды. Бұл тұтастай 1-жартыжылдықта жасалғандардың санымен салыстырғанда 7 пайызға көп. 2016 жылы – 1954 көлік жасалып, 488 көлік жасалған 2015 жылдың тамызынан үш есе көп құрастырды. Нарықтағы көлік бағасының қымбаттау динамикасы да біраз ұлғайды. Мысалы, көлік құны 2014 жылы 12,9 пайызға өссе, 2015 жылы 0,8 пайызға қымбаттаған, ал машиналардың бағасы биыл, 2016 жылы, 34,9 пайызға артып отыр.

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» автомобиль саласындағы өндірістер одағының басқарма басшысы Олег Алферовтың айтуынша, мұндай алға жылжу болғанмен, жалпы даму динамикасы теріс кетіп бара жатыр. «Нарық біраз түсіп кетті. Тек тамыз айында ғана түсу 45 пайызға бәсеңдеді», — деді ол.  Егер осы жартыжылдықтағы алға жылжу көлемі әлі де сақталса, қазақстандық өндірушілердің өткен жылғы көрсеткішке қайта келуіне мүмкіндік бар, бірақ өндіріс көлемі 2015 жылмен салыстырғанда әлі де аз.

Статистика комитетінің тамызда шыққан ақпаратына сәйкес, 100 қазақстандықта 22 көлік бар. Ал осы жылдың бірінші жартысында 100 адамға 21 көліктен болса, он жыл бұрын, 2016 жылы, 100 адамға 11 көліктен ғана тиген. Отандық автоөндіріске мемлекет қолдауының әсері көп. 2016 жылы қаңтар-тамыз айларында ЖІӨ-ден 42 млрд теңге бөлінді. Бұл тігін, жиһаз, электроника және фармацевтика өндірісіне бөлінген қаражаттан көп.

Айта кетейік, 2015-2016 жылдары автоөндірістің біраз бәсеңдеп қалуына нарықтағы жаңа автокөліктердің азайып кетуі әсер еткен еді. Осы жылдың алғашқы 8 айында ресми тасымалдаушылар 27,6 мың жеңіл көлік әкелген. Бұл көрсеткіш 66,8 мың көлік әкелінген 2015 жылғы көрсеткіштен 58,7 пайыз аз.