Күндізгі сессия: 1 доллар — 312,00 теңге

теңге
wordyou.ru

Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 16 мамырда доллардың орташа бағамы 312,00 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайты хабарлады.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 311,84 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 312,12 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 312,10 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 74 млн 100 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 196.

Ақша айырбастау орындарында 16 мамырдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.05) Алматыда 315.5 теңгені құраған.