Күндізгі сессия: 1 доллар — 330,41 теңге

65
теңге
Фото: kapital.kz

Алматы. 21 қараша. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 21 қарашадағы доллардың орташа бағамы 330,41 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 330 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 330,70 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 330,60 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 34 млн 750 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 97.

Ақша айырбастау орындарында 21 қарашадағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 332,50 теңгені құраған.