Күндізгі сессия: 1 доллар – 340,47 теңге

187
теңге
Фото: kapital.kz

Алматы. 22 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 22 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 340,47 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 339,21 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 341,20 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 341, 20 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 84 млн 500 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 213.

Ақша айырбастау орындарында 22 қыркүйектегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.15) Алматыда 342 теңгені құраған.