Күндізгі сессияда доллар 320,27 теңге болды

теңге
Фото: vlast.kz

Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 7 наурыздағы доллардың орташа бағамы 320,27 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 319,85 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 321,51 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 321 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 70 млн 150 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 180.

Ақша айырбастау орындарында 7 наурыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 322 теңгені құраған.