Күндізгі сессияда доллар 322,25 теңге болды

146
теңге
Фото: Ratel.kz

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 ақпандағы доллардың орташа бағамы 322,25 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 322,10 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 322,40 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 322,40 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 58 млн 550 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 163.

Ақша айырбастау орындарында 5 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.00) Алматыда 323,55 теңгені құраған.