Кәсіпкер Тілектес Адамбековпен сұхбат

1383

Тілектес Адамбеков Қазақстандағы кәсіпкерлік, біздің елдегі және Қытайдағы бизнес ерекшеліктері мен өз кәсібін бастаудағы алғашқы қиындықтары туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, өз тәжірибесімен бөлісіп, жас кәсіпкерлерге кеңес берді. 

Тілектес Серікбайұлы Адамбеков – жас кәсіпкер. 1989 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Қытайдың Сиань қаласындағы Солтүстік-Батыс университетіне оқуға түседі.

2009 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қытай астанасы Пекиндегі Чиньхуа университетінде қытай тілін меңгеріп келді. 2011-2015 жылдары Шанхай қаласындағы Тонгдзи университетінде телекоммуникация мамандығын бітіріп шығады. Университетте белсенді студент болып, «Қытайдағы «Болашақ» студенттері» қауымдастығының президенті болады.

2010 жылы Қытайдағы Қазақстан елшілігінде тағылымдамадан өтеді. 2013 жылы Қазақстанның Шанхайдағы бас консулдығында тәжірибеден өтеді. Ал 2014 жылы әлемдегі ең ірі телекоммунациялық «Хуавей» компаниясында тағылымдамадан өтеді.

Жас кәсіпкер ана тілінен бөлек, орыс, қытай, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Қазір «Жібек жолы» Қазақстан-Қытай серіктестігі орталығының бас директоры. 2015 жылдың басынан бері жұмыс істейтін компания инвестиция, бизнес, туризм, білім беру мен консалтинг секілді бағытта жұмыс істейді. Орталықтың Шанхай қаласында өкілдігі бар.