«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-ның 25% акциясы аукционға шығарылды

56
25
Фото: kt.kz

Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz — Gosreestr.kz сайты арқылы Ақмола облысында орналасқан «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-ның 25% акциясы аукционға шығарылды. Сауда-саттықты 2020 жылдың 18 ақпанында өткізу жоспарланып отыр.

Компания акцияларын сатуға арналған сауда-саттықты бастау жоспарланған бастапқы баға: 1,1 млрд теңгеден астам. Сауда-саттыққа қатысу үшін 79,5 млн теңге көлемінде кепілдік жарна төлеу қажет.

Тендерлік шарттарда сатып алушы кәсіпорын қызметінің бейінін сақтауға тиіс екендігі көрсетіледі.

«Сондай-ақ сатып алушыға меншік құқығы сатып алушыға өткеннен кейін он екі ай ішінде «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-ның 25% жай акцияларын сату, қайта сату, кепілге беру бойынша қандай да бір мәмілелер жасауға тыйым салынады. Сатып алушы меншік құқығы өткеннен кейін 12 ай ішінде ҚР азаматтары болып табылатын кәсіпорын қызметкерлерінің штаттық санының кемінде үштен екісін сақтауға міндетті», — делінген тендерлік шарттарда.

Сайт ақпаратына сәйкес, компанияда 217 адам жұмыс істейді.

Бағалау туралы есепте «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-ның 2007 жылдың маусымында құрылғаны көрсетіледі.

Компания акцияларының 51%-ы — «Камаз» АҚ-на, 24%-ы — «КАМАЗ «Сауда Компаниясы» ЖШС, 25%-ы — «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-на тиесілі.

Кәсіпорын автобустар, автомобильдер, арнайы техника және олардың қосалқы бөлшектерін өндірумен және сатумен айналысады. Сондай-ақ, ол жабдықты жобалау және өндірумен, консалтингпен, инжинирингпен айналысады.