Таңғы сессия: доллар бағасы түсті

321
Фото: minfin.com.ua

АЛМАТЫ. 16 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттық сессиясына KASE валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.

АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 312,11 (-1,41 теңге) теңгені құрады. Ал сауда-саттық көлемі – 35 200 мың USD (+8 400 мың USD) құрады. Таңғы сессияның жабылуы кезінде доллар бағамы 311,96 теңгені құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен және еуро, қытай юаніні бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным — бір юаньға 45,3460 теңгені, сауда-саттық көлемі – 500 мың юаньді құрады.