Каспарс Кукелис «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры болып тағайындалды

Каспарс Кукелис
Фото: filmi-onlain.info

Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz – Kcell-дің бас атқарушы директоры болып Каспарс Кукелис тағайындалды.

2018 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін бұл қызметті Райнер Ратгебер атқарды.

Тағайындау туралы шешім 2019 жылдың 28 қаңтарында Kcell Директорлар кеңесімен қабылданды. Ол 2019 жылғы 29 қаңтардан бастап күшіне енді.

Соңғы екі жыл ішінде Кукелис «Қазақтелеком» АҚ бөлшек сегментінің басқарма мүшесі – бас директоры қызметін атқарды.
«Алтел» Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде кірді.

1996 жылдан 2005 жылға дейін «Панда жарнама агенттігінің» бас директоры болып жұмыс істеді.

1996 жылдан 2005 жылға дейін «Панда жарнама агенттігінің» бас директоры болып жұмыс істеді.

Анықтама

2002-2003 жылдары – Қазақстан жарнамалық агенттіктері қауымдастығының президенті;

2004-2006 жылдары – Kaps INTL басқарма төрағасы;

2006-2007 жылдары – «Қазына Инвест» бас директоры;

2007-2008 жылдары – Easy World MG директорының орынбасары;

2008-2013 жылдары – «Kcell» маркетинг департаментінің директоры;

2013-2014 жыл – «Kcell» Бас коммерциялық директоры;

2017 жылғы 31 мамырда «Қазақтелеком» АҚ-на ауысты.