Таңдаулы2

Kaspi.kz холдингі 2019 жылы IPO-ға шығады

Бұл туралы банк басшысы Михаил Ломтадзе жаңа өнімдерді таныстыру шарасында айтты

Алматы. 9 қараша.  7kun.kz — Kaspi Bank 2019 жылы IPO-ға шығып, Лондон биржасына акция орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе Алматыда жаңа қызметтерін таныстыру барысында айтты.

— Көптеген адамдар қандай да бір жолмен Қазақстанды әлемдік инновация картасына қосуды сұрайды. Мұны біз әріптестермізбен, акционерлер және серіктестермен жиі талқылаймыз. Әрбір елде чемпион-компаниялар бар. Америкада — Amazon, Қытайда – Alibaba, Yandex – Ресейде, Kaspi.kz — Қазақстанда. Біз үлкен мақтанышпен келесі жылы Kaspi халықаралық нарыққа шығатынын хабарлаймыз. Біз лондонның қор биржасына IPO-ға шығамыз, — деді Михаил Ломтадзе.

Айта кетейік, Kaspi Bank Қазақстанның ең табысты банктерінің үштігіне кіреді. Банк ағымдағы жылдың алғашқы 9 айында 75,8 млрд теңге  (былтыр – 37,1 млрд теңге) табыс тапты. Банктің жеке капиталы 01.09.18 ж.жағдай бойынша  199,7 млрд теңгені құрайды, активтері– 1 трлн 599 млрд теңге. 

Tags

Осы айдарда

Close