Қарағанды мен Өскеменде Kaspi Red клубы жұмыс істей бастады

Қарағанды мен Өскеменде Kaspi Red клубы жұмыс істей бастады
Көрнекі сурет massaget.kz сайтынан алынды.

Қарағанды. 8 маусым. 7kun.kz — Маусымның 7-інен бастап Қарағанды мен Өскеменде бөліп төлеу қызметін жиі пайдаланатындарға арналған Kaspi Red клубы жұмыс істейді.

«Клиенттеріміз үнемі Kaspi Red туралы жылы лебіздерімен, таңданыстарымен бөлісіп отырады, — дейді Kaspi Bank басқармасының төрағасы Михаил Ломтадзе. — Kaspi Red клубының мүшелері қаланың ең мықты дүкендерінен тиімді сауда жасағанды ұнатады. Kaspi Red-пен сауда жасасаңыз сіз барлығын пайызсыз, комиссиясыз және алдын ала төлемсіз бөліп төлеуге сатып ала алсыз. Ал біз әрбір саудадан сізге бонустар сыйлаймыз».

Қарағандыда Kaspi Red клубының 100-ден астам серіктесі бар. Мысалы, MonAmie, Marwin, LCWaikiki, DeFacto, Koton, Mango, Respect, Promod, Alser және т.б. Бұл дүкендер «CityMall», «Таир», «Абзал» секілді тағы да басқа қарағандылықтардың ең сүйікті сауда орталықтарында орналасқан.

Kaspi Red-тің жұмысы да өте қарапайым. Клубтың әрбір мүшесі үш лимиттің бірін таңдайды. 50 000, 100 000 және 150 000 теңге. Барлық сауда 3 айға бөліп төлеуге беріледі. Үш төлемнің бірі ай сайынға есепке қосылып отырады, оны қарыз шығарылғаннан кейін 15 күн ішінде төлеуіңіз керек. Ай сайынға есепті кез келген Kaspi терминал немесе Kaspi Gold және Kaspi.kz сайтынан Kaspi депозит арқылы төлей аласыз.

Әрбір сауда жасағаны үшін клуб мүшесі 1% бонус алады. Егер Kaspi депозитіңіз 1 млн теңгеден жоғары болса, онда 2% бонус аласыз. Ал Kaspi Бонус бағдарламасындағы акциялар арқылы 5 немесе одан да көп пайыздық бонусқа ие боласыз. Одан бөлек, Kaspi Red-пен 10 мың теңгеге сауда жасаған алғашқы айда 1000 теңге бонус береміз.

Kaspi Red клубы 2016 жылдың тамызынан бері жұмыс істейді. Одан бері Алматы, Астана және Шымкент қалаларының 100 мыңнан астам тұрғыны клубтың мүшесі болып үлгерді. Бір жылға да жетпейтін мерзім ішінде клуб мүшелері 500 мың сауда жасаған. Нәтижесінде 300 миллион Kaspi Бонус (1 Бонус = 1 теңге) алды.

Kaspi Red клубы туралы толық мәліметті Kaspi.kz сайтының Red бөлімінен ала аласыз.