Банкке сұрақ

Kaspi Жұма деген не?

Kaspi Жұма акциясы туралы естіп қалдым. Ол қандай акция, толық түсіндірсеңіздер. 

Арман, Алматыдан

Kaspi Жұма қазақстандық онлайн нарықтағы ең ірі ойыншылардың бірі — Kaspi.kz ұйымдастырған ең ауқымды акция. Мұнда кез-келген адам онлайн, үйден шықпастан Kaspi.kz-тегі Магазиннен тауарды 24 айға дейін бөліп төлеу шартымен ала-алады. Ең алғашқы Kaspi Жұма 2017 жылдың қараша айында ұйымдастырылып, қазақстандықтар 250 мыңнан астам тапсырыс берген. Биыл 20,21 шілде күндері екінші рет өткізу жоспарланғанымен 20 шілде күні түс кезінде Денис Теннің қазасына байланысты, қазақстандықтармен бірге аза тұту мақсатында тоқтатылып, 22 шілде күні сағат 10.00-де қайта жалғасты. Акция 22, 23 шілде 22:00-ге дейін жалғасады.

Акция аясында тауар алу үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасына кіріп, Магазинге өтіп, қажетті тауарды таңдап, өтінім беру керек. Банк бөліп төлеуге мақұлдаған жағдайда ұялы телефоныңызға хабарлама келіп түседі. Егер үйге жеткізіп беруді таңдасаңыз, дүкеннен хабарласып, үйіңізге жеткізіп береді.

Анықтама үшін айта кетейік, Kaspi.kz – Қазақстандағы электрондық коммерцияның көшбасшысы. Kaspi.kz-те сан алуан санаттағы 50 мыңға жуық тауар ұсынылған: смартфондар, компьютерлер, тұрмыстық техника, балаларға арналған тауарлар, жиһаз, көлікке арналған тауарлар, үйге, жөндеуге арналған тауарлар және көптеген басқасы. Kaspi.kz арқылы қазақстандықтар бағаларды салыстыра алады, тауарлардың сипаттамаларымен таныса алады, тауарлар мен сатушылар туралы басқа сатып алушылардың пікірлерін оқи алады, бөліп төлеуге, несиеге, Kaspi Gold-пен және Kaspi Red-пен тиімді зат сатып ала алады. Kaspi Gold-пен және Kaspi Red-пен зат сатып алғаны үшін Бонус есептеледі.

Tags

Осы айдарда

Close