Kaspi жаңа өнімін таныстырды

Бүгіннен бастап Алматыда Kaspi Red клубы жұмыс істей бастады. Бұл туралы өткен аптаның соңында Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақ үйінде жаңа өнімді таныстырған «Kaspi Bank» АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе айтты.

Банк ұсынған өнім бұл ғана емес. Kaspi Red’пен қатар іске қосылатын Kaspi Гид те банктің 4 миллион клиентін қуантпақ.

Kaspi Гид Kaspi.kz сайтында іске қосылады. Мақсаты — біздің барлық қызметтеріміз туралы айту. Kaspi.kz’тегі Kaspi Гид айдарында 1 000-нан астам сұраққа жауап пен 50 түсіндірме роликтер жинақталған. Клиенттер бұл айдардан кез-келген сұраққа жауап таба алады, — дейді Михаил Ломтадзе. — Kaspi Red’те біз клиенттерімізге ең маңызды нәрселерді ұсындық. Kaspi Red клубының мүшелері бұған дейін бөліп төлеу арқылы алу мүмкін болмай келген тауарларды 3 ай мерзімге бөліп төлеу шартымен сатып алады. Kaspi Red бөліп төлеуді ұсынатын қызмет. Комиссиясыз, пайызсыз».

Клуб бөліп төлеу мен бонус алуды жақсы көретіндердің басын қоспақ.

Клуб мүшелері серіктес дүкендерден киім, спорт, балалар тауарлары, иіссулар мен басқа да тауарларды бөліп төлеу шартымен сатып алады. Және әрбір сатып алу үшін бонус алады.14053754_1159839087422958_8966377800121192898_o

Kaspi Red жұмысы өте қарапайым.

Банк бөлімшесінен немесе сауда орындарынан Kaspi Red клубтық картасын аласыз. Бұл үшін қолыңызда жеке куәлігіңіз бен ұялы телефоныңыз болса жеткілікті.

Картаның ішінде 50 мың және 100 мың теңгелік лимит бар. Қайсысын алуды өзіңіз таңдайсыз.

Kaspi Red’тің серіктес дүкендерінен (қазіргі кезде 500-ден астам дүкен) өзіңізге ұнаған тауарды алу кезінде, бірден емес, 3 айға бөліп төлегіңіз келсе, қолыңыздағы картамен есеп айырыссаңыз болады.

Мысалы: Мега ойын-сауық орталығындағы Lichi дүкенінен 30 мыңға киім алдыңыз. Қолыңыздағы Kaspi Red клубтық картасымен төлем жасадыңыз. Төлемнен соң бірден 30 мыңның 1% бонус түрінде картаңызға қайтады. Егер Kaspi-де 1 млн теңгеден асатын депозитіңіз болса 2% бонус аласыз. Арнайы акциялар кезінде бонус 5% болады.

Сіздің лимитіңіз 50 мың теңге делік. Киім алған соң картаңызда 20 мың теңге қалды. Тауар үшін төлеген 30 мың теңгені 3 айға бөліп, банкке дұрысы картаңызға қайтарасыз. 3 ай бойы ешқандай пайыз, комиссия қосылмайды.

30 мың теңге 3 айға ай сайын 10 мың теңгеден бөлінеді. Яғни ай сайын 10 мың теңгеден қайтарасыз. Ай сайынғы төлемді кез-келген Kaspi Терминалдан немесе Kaspi.kz сайты арқылы комиссиясыз жасауға болады.

Клуб картасын алып үлгерген болсаңыз, бірінші айда 10 мың теңгеге сауда жасап, 3000 теңге бонус алуды ұмытпаңыз.