Каспийдегі Құрық портында паром кешенінің құрылысы басталды

717
Каспийдегі Құрық портында паром кешенінің құрылысы басталды

Каспийдегі Құрық портында (Маңғыстау облысы) 6 сәуір күні паром кешенінің құрылысы басталып кетті деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) баспасөз қызметі.

Құрық портындағы паром кешені — Каспий кемежайлары арқылы батыс бағыттағы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға қатысты маңызды нысан делінеді компания таратқан хабарламада.

«Жобаны іске асыру үшін 32,7 млрд теңге инвестиция бағытталып отыр, құрылыс кезеңінде 500 жаңа жұмыс орны құрылады, пайдалану кезінде 250 адамдық штат жоспарлануда», — делінген ҚТЖ пресс-релизінде.

Құрық порты арқылы паром өткелдері арқылы тасымалдануы мүмкін қосымша жүк ағынын тарту әлеуеті жылына 2 млн тонна деңгейінде бағаланып отыр.