5 маусымнан бастап Катар саяси, дипломатиялық және экономикалық тұрғыдан шеттетілді. Парсы шығанағының сегіз мемлекеті өз шекараларын жауып тастады. Бұл жағдай мұнай нарығын алаңдатты. Таяу шығыстағы бұл қақтығыс әлем экономикасына қалай әсер етеді?

Санкцияның ресми себебі – Доханың (Катардың астанасы) терроризмге қолдау танытуы. Әзірге қандай террорлық әрекетке көмек көрсетілгендігі туралы нақты ақпарат жоқ. The Financial Times газетінің ақпараты бойынша, Катар Иракта аңшылық үстінде ұсталған Әмір отбасын қайтаруы үшін оларға 1 млрд доллар төлеген. Санкция жарияланғаннан кейін Катарда дүрбелең басталды. Тұрғындар азық-түлік пен суды жаппай сатып ала бастаған.

Катар сауда орталығы. Сурет dw.com сайтынан алынды.

Шағын монархияның экономикасы мұнай мен газ экспортына құрылған. 90 пайызы импортқа тәуелді. Сауд Арабиясы мен Катар шекарасында эмиратқа арналған тауар тиеген жүк көліктері жиналып қалды. Оларды шекарадан өткізбей жатыр.

Ұшақтардың тоқтатылып, азаматтары еліне қайтарылып жатыр

Etihad, Emirates, Flydubai және Saudia әуе компаниялары 6 маусымнан бастап Дохаға ұшатын әуе рейстерін жапты. Qatar Airways те Сауд Арабиясы, Бахрейн, Египет және БАӘ-не шығатын рейстерді тоқтатты. Сонымен қатар, Египет барлық теңіз порттары мен әуежайларда Катар кемелері мен ұшақтарына жол жоқ екендігін хабарлады.

Дохадағы әуежай Еуропа — Азия  арасындағы маңызды транспорттық торап болып есептеледі. Qatar Airways енді Еуропаға Иран арқылы ұша алады. Алайда, сарапшылардың айтуынша, ол қосымша шығынды талап етеді.  Катарға қарсы енгізілген шектеулердің тағы қандай зардаптары болатындығын әлі анықтау қажет болады.

Сауд Арабиясы өз азаматтарына 14 күннің ішінде Катардан кетулері туралы бұйрық берді. Ал Катарлықтарға алдағы уақытта Сауд Арабиясына баруға тыйым салынды. Одан бөлек, Катар Эр-Рияд құрған әскери альянстан шығарылды. Бұл альянс екі жылдан бері Йеменде хуситтік жасаққа қарсы күресіп келеді.

Мұнай арзандады

Катардағы саяси дағдарыс мұнай нарығында тұрақсыздық туғызады. «Қара алтын» бағасы дүйсенбі-сейсенбі күндері ауытқып тұрды. Brent маркалы мұнайдың баррелі 1 пайызға төмендеп, 49,5 доллар болды. Парсы шығанағындағы саяси қысым ОПЕК-тің мұнай өндіруді шектеудегі салған күшін зая кетіруі мүмікн. Салымшылар мен трейдерлер осыдан қауіптеніп отыр.

Фото: oilandgaspeople.com

Катар күніне 620 мың баррель мұнай өндіретіндіктен ОПЕК-тегі шағын өндірушілер қатарында. «Дегенмен, осы дағдарыс салдарынан одақтағы бірлік бұзу қаупі бар», — дейді AxiTraider сарапшысы Грек Маккена.

Өз кезегінде мұнай нарығының сарапшысы Оливер Якобстің Reuters агенттігіне хабарлауынша дағдарыстың мұнай нарығына келтіретін нақты залалдары әлі анық емес. Оның ойынша, туындаған турбуленттiлiк екі апта бұрын ОПЕК-тің мұнай өндіруді қысқарту жөніндегі келісімін қиын жағдайда қалтыруы мүмкін.

Газ бен инвестиция не болады

Газ қоры бойынша Катар әлемде Иран мен Ресейден кейін үшінші орында тұр. Сонымен қатар, дүниежүзіндегі сұйылтылған газдың ірі экспорттаушыларының бірі. Reuters агенттігінің ойынша, қақтығыстың сұйылтылған газ тасымалына әсерін бағалауға әлі ерте.

Ал «Газпромның» есептеуінше, Катардан экспортталатын газдың көлемі қомақты екенін ескерсек, дағдарыс өскен кезде оның зардаптары газ бағасына әсер етеді. Бірақ Еуропа одан қатты шығынданбайды, себебі батыс елдеріне сұйылтылған газ тасымалдайтын басқа да көздер жеткілікті.

Монархиялық мемлекет болып есептелетін Катар соңғы жылдары әлемдегі ірі инвесторлардың біріне айналды. Оның өзге елдерге салымы – 30 млрд доллардан жоғары. Мысалы, Германиядағы Volkswagen және Deutsche Bank-тің біршама акциясына ие. Сол сияқты Катар да неміс инвесторлары үшін капитал салуға тиімді болып саналады. Нақтырақ айтсақ, Дохада Deutsche Bahn концернімен темір жол құрылысы бойынша жоспарланған «миллиардтық» жоба бар.

Концерннің еншілесі DB International Катардың транспорт жүйесін құрумен айналысады. Сарапшылардың пікірінше, аймақтағы қақтығыстыі бұл ұзақмерзімді жобаларға ықпалын болжауға әлі ерте. Себебі Катар мен көрші мемлекеттер арасындағы дипломатиялық ұрыс үш жыл бұрын да болған. Нәтижесінде елдер тез арада қайтадан достық қарым-қатынас орнатқан.

Дереккөз: RT News