KAZ Minerals 2020 жылдың басында Мәскеуде штаб-пәтерін ашуды жоспарлап отыр

47
KAZ Minerals

Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстандық мыс өндіруші KAZ Minerals компаниясы Мәскеудегі «Мәскеу-Сити» іскерлік орталығында «Меркурий» мұнарасының 16-шы қабатындағы 2,5 мың шаршы метр офистік орынды жалға алды. Бұл туралы мәміле кеңесшісі болған JLL компаниясы мәлімдеді.

«Біз үшін бұл жаңа нарықтағы брендтің орнығуында өте маңызды. Жақында біз жұмысқа кірісуге дайын боламыз», — деп түсіндірді Ресейдегі KAZ Minerals еншілес қоғамының атқарушы директоры Георгий Фотин.

«Мәскеу-Ситиде» компания өзінің ресейлік штаб-пәтерін орналастырады деп жоспарланып отыр.

Бұл ретте компанияның ресми ашылуы 2020 жылдың бірінші тоқсанының соңына жоспарланған.

Айта кетейік, KAZ Minerals — Қазақстандағы жетекші мыс өндірушілердің бірі, сондай-ақ ілеспе өнім ретінде мырыш, күміс және алтын өндіреді. Топ құрамына Қазақстандағы бірнеше кәсіпорын, сондай-ақ Қырғызстандағы алтын-мыс кеніші кіреді.