KazTransOil-дың акциялары күрт арзандады

21
ресейлік
Фото: economic-definition.com

Алматы. 4 маусым. 7kun.kz — KazTransOil акциялары Қазақстан қор биржасында (KASE) арзандады. Бір акцияның құны 1060,01 теңгені құрады.

3 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша компанияның баға белгіленімі 9,8%-ға төмендеді.

Сондай-ақ, «Қазақтелекомның» қағазы 3,9%-ға 25,7 мың теңгеге дейін арзандады.

Бұдан басқа, KAZ Minerals акцияларының құны 0,6%-ға 2545,02 теңгеге дейін, Халық банкі – 0,4%-ға 107,01 теңгеге дейін және KEGOC акцияларының құны 0,1%-ға 1606 теңгеге дейін төмендеді.

Сонымен қатар, KASE-де сауда-саттық қорытындысы бойынша Kcell қағаздары 1,4%-ға 1977,4 теңгеге дейін өсті. ЦентрКредит Банкінің баға белгіленімі 0,004%-ға артты. Акция құны 239,8 теңгені құрады.