Kcell-ді кім сатып алады?

Кселл ұялы байланыс оператор акцияларының бақылау пакеты 1,5 млрд долларға сатылуы мүмкін. Инвестициялық компаниялардың сарапшылары осындай пікірде деп жазады LS.

Финамның сарапшысы Тимур Нығматуллинның сөзінше, шведтік TeliaSonera компаниясы  Kcell акцияларының 61,9% иеленеді. Компанияның Лондон биржансындағы нарықтық капиталы 1,7 млд долларды құрайды. Осыған дейін TeliaSonera Қазақстан, Өзбекстан, Грузия, Молдова және Тәжікстан нарығында жұмысын тоқтатуды шешкен еді. «Қиын макроэкономикалық жағдайға және әлемдік қаржылай нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты сатып алушы тез арада табылмауы мүкін. Әлсіз рубльге байлансты сатып алу тиімсіз болғандықтан компанияға ресейлік инвестор ие болады деу де қиын. Сұраныс қажетті қаржылай ресурсқа ие ірі трансұлттық компаниялар тарапынан болады», — дейді Т. Нығматуллин.

«Асыл Инвест» сараптама департаментінің директоры Айвар Байкенов Kcell-дің нарықтық құнын 1,2 млрд деп бағалап отыр. Оның айтуынша, 2011 жылы Kcell ҚазақТелеком компаниясынан бөлінген кезде 3 млрд доллар деп бағаланған. Сарапшының болжамынша ТМД нарығындағы келіссөздердің ұзақығына байланысты Қазақстандық сатылым тек келесі жылы жүзеге асырылуы мүмкін. «Kcell-дің нарықта қандай қиындыққа кездесіп жатқандығын ескерсек, өз үлесін қымбатқа сата алмайды. Біз Қазақстанның телекоммуникация нарығы шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылық тудырады деп есептемейміз.Сондықтан не жергілікті, не ресейлік инвестор сатып алуы мүмкін»,-деп қорытындылады А. Байкенов.

Kcell-дің Қазақстандық нарықтағы бәсекелестерінің бірі Теле 2 Қазақстан TeliaSonera-ның үлесін сатып алуды қарастырмағанын мәлімдеді.

«Kcell-дің клиенттері онсыз да Теле2-ге өтіп жатыр. Егер біздің компаниямыз бәсекелестің мажоритарлы үлесін сатып алса, ол Kcell-ге жағымды әсер етер еді. Біріншіден,біз бірден интерконнект бәсін «0» теңгеге дейін түсіру туралы келіссөздер жүргізер едік. Екіншіден, біз шара қабылдап, бәсекелес операторлардың желісіне жиі хабарласатын абоненттерді бұғалап тастаймыз. Тарифті жоспарлардың шарты сақталуы керек қой. Үшіншіден, біздің компания тарифтік жоспарға заңнаманы бұзатындай өзгерістер енгізбес еді. Жаңа акционер Kcell клиенттерінің мүддесі үшін осы өзгерістерді жүргізер деген ойдамыз»,- деді байланыс операторның баспасөз қызметі.

Kcell-дің бас атқарушы директоры Арти Отс мажоритарлы акционердің еуразиялық аймақтан шығуына қатысты өз пікірін білдірді. «3 жылдық жұмыс кезінде біз нақты стратегия құрып бизнес стратегия және ішкі табыстық құрылым құрдық. TeliaSonerа-нің еуразиялық одаққа шығу туралы ойына қарамастан, Kcell Қазақстандық телекоммуникация нарығында қала береді»,- дейді ол.