Кеңес Рақышев: Қазақстан инновациясына ақша құюға дайынмын

фото: Kapital.kz

Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz — Қазақстандағы ең ықпалды кәсіпкерлердің бестігіне енетін Кеңес Рақышев қазақстанның инновациялық жобаларына ақша құюға дайын екенін айтты.

Ол «нарықты толықтай бағалау қиын, бірақ мен біздің қазақстандық кәсіпкерлерге сенемін. Қазір қазақстанның венчурлы капитал нарығында стартап-экожүйелердің толықтай аяққа тұрып кетуіне  жағдай жасалмаған. Бірақ мен жағымды динамиканы байқадым. Болмаса кәсіпкерлік бастамаларға мұнша қаражат салмас едім», — деді.

Банкирдің айтуынша, қазақстанның венчурлық қаржыландыру нарығы қарқынды дамып келеді. «Сондықтан болашақта бұл жерден біздің портфелімізді табысты әрі мықты ететіндей керемет жобаларды таба аламыз деп сенемін. Ал, әзірге, нарықтың құрылу барысында мен оған грант бөлу арқылы көмектесуге дайынмын», — деді ол.

Сонымен қатар, Кеңес Рақышев талантты кәсіпкерлерді табу үшін арнайы серіктестерінің көмегіне жүгінетінін жеткізген.

Басылым Қазақстанның келешекте өзінің «силикон алқабын» құруы мүмкін екендігіне күдікпен қарап,  Кеңес Рақышевтің оптимизмі де бұған көмектесе алмайтынын жазған.