Келесі жылы Қарағандыда жарылғыш заттар кәсіпорны іске қосылады

27
өндірісті
Фото: dribbble.com

Алматы. 9 қазан. 7kun.kz — Қарағанды облысында 579 млн теңгеге өнеркәсіптік жарылғыш заттар шығаратын шағын зауыт салынып жатыр. Бұл туралы өңірлік индустриялық-инновациялық даму басқармасында хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, кәсіпорын Нұра ауданында 2020 жылы іске қосылады.

«Жобаның құны 579,2 млн теңгені құрайды. Қуаты жылына 8 мың тонна өнеркәсіптік жарылғыш заттарды құрайды. Өнім ішкі нарыққа жеткізілетін болады», — деді мемлекеттік құрылымда.

Сонымен қатар, ведомствода инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізілгенін атап өтті.